Астрологтар, 2022 жылдың қыркүйегі «ең баяу» ай болады деп жорамалдауда. Өйткені, Меркурийдің ретрограды 10 қыркүйектен 2 қазанға дейін біздің жоспарларымызға елеулі түзетулер енгізеді. Мысалы, көптеген шоқжұлдыз белгілері жақындарымен сөзге келіп, әріптестері мен басшылығының сенімін жоғалтуы мүмкін. Дәл қажетті сәтте, гаджеттер мен тұрмыстық техника істен шығып, шығынға алып келуі ғажап емес. Бірақ жақсы сәттер де орын алады. Көпшілігіміз үшін өткен қателіктерді түзетуге жағдай жасалады.

Тоқты

Тоқтылар абайсыздығына байланысты жаңылуы мүмкін. Сондықтан адамдарға сене бермеңіз. Әйтпесе, уақытты ғана емес, ақшаны да жоғалту қаупі тудайды.

Торпақ

Сабырлы және парасатты торпақтар ашулы бұқаға айналады. Бірақ асығыс шешім қабылдауға асықпаңыз. Өйткені, бүлінген қарым-қатынасты қайтадан қалыпқа келтіру қиын. Сондықтан абай болған абзал.

Егіздер

Егіздер барлық энергиясын денсаулығын сақтауға бағыттауы керек. Тек физикалық қана емес, психикалық жағдайында қадағалағаны абзал. Дұрыс  тамақтану, спорт және жағымды эмоцияларды көптеп алуға тырысу қажет.

Шаян

Отбасылық байланыстарды сақтау жауапкершілігі шаяндарға жүктеледі. Өйткені, жанжалдардың басты бастамашысы да, қиын жағдайдан шығудың жолын ұсынатын да сіз боласыз.

10 ҚЫРКҮЙЕКТЕН 2 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН МЕРКУРИЙ РЕТРОГРАДЫ: ПЛАНЕТА СІЗДІҢ ШОҚЖҰЛДЫЗЫҢЫЗҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Арыстан

Бизнес саласында арыстандарды сәтсіздіктер күтіп тұр. Сондықтан, босқа шығынданбаңыз. Одан да барлық күш-жігеріңізді үй шаруасына, оның ішінде туыстарыңызбен қарым-қатынасқа бағыттасаңыз жақсы болады.

Бикеш

Көпшілік, бикештер талғампаз деп айтатын болады. Сіз бұл пікірді жақсы қабылдағаныңыз жөн. Өйткені егер сіз қазір босаңсып кетсеңіз, ертең қиынырақ болады.

Таразы

Денсаулығыңызды тексеріп, түрлі тәжірибелерді жасаудан аулақ болыңыз. Ашығу, шегеде тұру сынды күмәнді әрекеттер туралы біраз уақыт ұмытыңыз. Ең алдымен қазіргі жағдайды қалыпқа келтіру маңызды.

Сарышаян

Сарышаян, сіз қайда асығасыз? Есіңізде болсын, Меркурийдің ретрограды 10 қыркүйектен бастап барлық процестерді баяулатады. Сондықтан қазір алдын-ала әрекет етудің қажеті жоқ.

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Баурджан Бисмильдин.

Мерген

Мергендер ғаламмен диалог орнатуға мүмкіндік алады. Ол сізге қанша белгі жіберетінін көріп таң қаласыз. Барлығын жақсылық үшін қабылдап, бір кездері араласпай кеткен адамдармен сөйлесуден бас тартпаңыз.

Тауешкі

Тауешкілер, бақылаушы позициясына оралатын уақыт келді. Араласатын адамдардың арасында екіжүзділер көп. Сондықтан, қасыңызда тек сізді шынымен ойлайтындарды қалдыру үшін, олардың әрекеттерін бағалауға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Суқұйғыш, қазір өзіңізге қысқа мерзімді мақсат қоятын кез. Иә, бір ғана мақсат. Өйткені, сенің бәрін қолға алғың келіп, бірден нәтиже шығарамын деген ойың еш нәтиже бермеді.

Балық

Балықтар, асығыстық танытып, ақша ағыныңызды бөгеп алмаңыз. Әйтпесе, қаржылық мақсаттарыңыз жылдың соңына дейін жабылмайды. Және үнемдеуді үйреніңіз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Баурджан Бисмильдин.

Поделиться: