14-20 сәуір аралығына арналған апталық жұлдыз жорамал: жұлдыздар картасы сізге не дайындап қойды?

14 апреля 2025

Cіздер үшін арнайы алдағы жеті күнге арналған астрологиялық болжам жасап шықтық. Материалда болашаққа болжамдар мен маңызды шешімдерге арналған кеңестер бар. 14–20 сәуір аралығына арналған апталық жорамалмен танысып, сізді не күтіп тұрғанын біліңіз.

Тоқты

Апта тыныш әрі жайлы өтеді. Күтпеген тосын сыйлар немесе кездейсоқ кездесулер болмайды. Кештерді көркем әдебиет оқып немесе ескі фильмдер көріп өткізетін боласыз. Әсіресе комедия жанрындағы туындыларға басымдық берген жөн.

Торпақ

Жетекшіңізге не серіктестеріңізге өз идеяларыңызды ұсынудан тартынбаңыз. Ең нашар жағдайда – тек бас тартады. Ал егер ұсынысыңыз ұнап қалса, қызметіңіз жоғарылап немесе ауқымды жобаны қолға алуыңыз мүмкін. Бұл сіз үшін жаңа деңгей болмақ.

Егіздер

Аптаның алғашқы күндері ең тиімді болмақ. Көп күшті қажет ететін істерді барынша сәрсенбіге дейін бітіріп тастауға тырысыңыз. Бейсенбіден кейін күш-қуатыңыз азаяды, сондықтан демалысқа ешқандай маңызды жоспар құрмаған дұрыс.

Шаян

Одақтастарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз. Сіз іздеген жауап дәл алдында тұрған болуы да мүмкін. Бәлкім, оны жақындарыңыз бірнешен мәрте ескертіп, айтып қойған болар. Есіңізде болсын: кейде табысқа жету үшін “велосипед ойлап табудың” қажеті жоқ.

Арыстан

Басыңызда да, іс-әрекеттеріңізде де аздап шатасу болуы мүмкін. Сондықтан жаңа жобалар мен махаббат қарым-қатынастарын бастамауға кеңес береміз. Ескі тапсырмаларды аяқтап, бұрынғы тәжірибеңізді саралап алыңыз.

Бикеш

Әңгіме барысында абай болыңыз. Эмоцияға берілгіштігіңіз себепті айтылған сөздер жақындарыңызға ауыр тиюі мүмкін. Әсіресе біреудің сыртқы келбетіне немесе ісіне қатысты пікір айтпас бұрын екі мәрте ойланыңыз.

Таразы

Бұл аптада ерекше, шығармашыл адамдармен танысып қалуыңыз мүмкін. Дәл осы таныстық сіздің өнер саласындағы орныңызды нығайтып, ауқымды жобаларға шабыт береді.

Сарышаян

Егер не істеу керектігін білмей, шешім қабылдай алмай жүрсеңіз – интуицияңызға сеніңіз. Ішкі дауысыңыз бәрін біледі. Ол тіпті шешімді баяғыда тауып қойған да шығар, сіз тек сезімге сүйеніп әрекет етіп көрмеген боларсыз.

Мерген

Эмпатия – адамдар арасындағы берік байланыстың негізі. Осы қасиетіңіздің арқасында сенімді дос тауып немесе өмірлік серігіңізді кездестіріп қалуыңыз әбден мүмкін.

Тауешкі

Өмірлік ұстанымдарыңызды қайта қарап, көзқарасыңызды түбегейлі өзгерттіңіз. Енді осы жаңа қағидаларыңызбен болашаққа нық қадам жасап, кез келген есікті аша аласыз.

Суқұйғыш

Көңіліңіз алаң болып, ішкі күмән мен бейберекет ойлар мазалауы мүмкін. Бұл – уақытша қиындықтар. Жақындарыңыздан қолдау сұраудан ұялмаңыз. Көңіліңізді босатып, шынайы эмоциямен бөлісу сізге жеңілдік әкеледі.

Балықтар

Көшбасшылық қасиеттеріңізді көрсетсеңіз, мансаптық өсуге үлкен мүмкіндік аласыз. Алайда бұл жетістігіңіз кейбіреулердің қызғанышын тудыруы мүмкін. Сондықтан қуанышты жаңалықтарыңызды бәрімен бөлісе бермей, сақтық танытыңыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Ардақ Сәтбаева.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше