2022 жылы корей туындыларына деген сұраныс артқаны жасырын емес. Себебі бүгінде дорамалар шетелдік көрермен үшін түрлі стримингтік платформаларда қолжетімді. Сонымен, биыл қай дорамалар трендтен түспеді? «Forbes» басылымы ТОП-20 үздік телехикаялардың тізімін ұсынды. 

Тізімді жасау кезінде 2021 жылдың желтоқсан айының ортасы мен 2022 жылдың желтоқсан айының ортасы аралығында эфирге шыққан туындылар ескерілді. 

«Елес дәрігер»

2022 жылдың ең үздік топ-20 дорамалар тізімі!

«Елес дәрігер» — фэнтези жанрында жыл басында жарық көрген дорама. Медициналық тақырыпты қозғаған туындыда Рейн және Ким Сан Бом сынды танымал актерлар басты рөлді сомдайды. Картина бір-біріне мінез құлқы мен өмірлік ұстанымы мүлдем ұқсамайтын екі дәрігердің бастан кешкен хикаясын баяндайды. Ал, қос маманың дәрігерлік жолында елестер араласпақ. 

«Іскерлік ұсыныс»

2022 жылдың ең үздік топ-20 дорамалар тізімі!

«Іскерлік ұсыныс» — мелодрама әрі комедия. 12 бөлімнен тұратын дорама рейтингі жоғары туындылардың қатарында. Туындыда Син Ха Ри есімді бас кейіпкердің байқуатты әрі сымбатты бизнесменді қалай арбауына түсіріп алатыны сөз етілмек. Ол өзін басқа адамның орнына таныстырып, серіден үйлену туралы ұсыныс қалай қабыл алғанын түсінбей қалады. Син Ха Ридің бұл оқиғасы көрерменнің көңілінен шыққаны сөзсіз. 

«Әскери прокурор До Бэ Ман»

2022 жылдың ең үздік топ-20 дорамалар тізімі!

«Әскери прокурор До Бэ Ман» — экшн әрі комедия бағытында таспаланған телехикая, сыбайлас жемқорлықты әшкерелегісі келетін прокурор туралы. 16 бөлімнен тұратын картинада, атыс-шабыс, детектив жанрларын көруге болады. До Бэ Ман есімді жас жігіт бала күнінен ата-анасы сынды әскери маман атануды армандайды. Алайда, ет жақындарының қазасынан кейін ол бұл идеядан бас тарпақ.

«Отыз тоғыз»

2022 жылдың ең үздік топ-20 дорамалар тізімі!

«Отыз тоғыз» — нәзік жандылардың арасындағы достық туралы туынды. Дорамада 40 жасқа таяп қалған үш құрбының шытырманға толы оқиғасы сөз етілмек. Лентада құрбылар екінші жартысын іздеу мақсатында бір-біріне жәрдемдеспек. 

«Патинко»

2022 жылдың ең үздік топ-20 дорамалар тізімі!

«Патинко» — АҚШ пен Корей елдері бірігіп таспалаған туынды. Apple TV+ платформасында 25-наурызда жарық көрген дораманың режиссері Когонада және Джастин Чон. Ал, бас кейіпкерлер Юн Ёджон, Ли Мин Хо, Ким Мин-ха және Джин Ха. 

«Менің еркіндік күнделігім»

2022 жылдың ең үздік топ-20 дорамалар тізімі!

«Менің еркіндік күнделігім» — драма Сон Сок Гу, Ли Эль, Ким Джи Вон және Ли Мин Ки ата-анасымен бірге шөл далада тұратын бақытсыз әпкелі-сңілі мен оларың жалғыз бауыры туралы баяндалған. Лентада бауырлардың күн көру үшін, ауыр жұмыс жасап, жеке өмірлеріне көңіл бөле алмай қалған қиын кезең көрсетілен. Ал, оның барлығы ауылға құпия жанның келуімен тоқтамақ. 

«Тәжірбиесіз аналар клубы»

2022 жылдың ең үздік топ-20 дорамалар тізімі!

«Тәжірбиесіз аналар клубы» — түрлі көзқарастағы аналардың бастан кешкен хикаясы жайлы дорама. Драма жанрында таспалаған туындыда балалары бір мектепте оқитын нәзік жандылар бір істі қолға алады. Ал, оны бастау үшщін оларға алдымен бір-бірімен тіл табысу қажет. 

«Аннарасуманара» 

2022 жылдың ең үздік топ-20 дорамалар тізімі!

«Аннарасуманара» — 6 бөлімнен тұратын фантастикалық телехикая. Музыкалық жанрды да қамтыған туындыда Нам Да Рым, Хван Ин Еп басты рөлді сомдайды. Юн Аи есімді мектеп оқушысы ата-анасының қарызынан құтыла алмай жүрген шақта сиқыршыны кездестіреді. Барлық қызық сол сәттен бастау алмақ. 

«Біздің блюз»

2022 жылдың ең үздік топ-20 дорамалар тізімі!

«Біздің блюз» — 1 маусымы жарық көрген туынды «Netflix» студиясы ұсынған. Дорамада Чеджу аралында тағдырлары тоғысқан әр түрлі жандардың хикаясы баяндалған. 

«Неге ол?»

2022 жылдың ең үздік топ-20 дорамалар тізімі!

«Неге ол?» — жоғары деңгейлі кәсіпқой қорғаушы О Су-Дже жайлы дорама. Ол діттеген мақсатына жету үшін әділдік жолында күреспек. Туындыда бас кейіпкерге ауқымды компанияның заң қызметкері атану үшін, ең алдымен мектепте қызмет етуге тура келмек. 

«Ева»

2022 жылдың ең үздік топ-20 дорамалар тізімі!

«Ева» — әкесінің кегін алу үшін, байқуатты отбасымен күреске түсетін қыздың тағдыры жайлы. Ол отбасын қырып тастаған кәсіпкермен жақындасу үшін, ұзақ жылдар бойы арнайы жоспар құрып дайындалмақ. Алайда, бикеш өзінің жауына ғашық болып қалады. 

«Ерекше қорғаушы У Ён У»

дорамалар

«Ерекше қорғаушы У Ен У» — Көрермен тарапынан сұранысқа ие болған дорамалардың бірі. IQ жоғары қорғаушы атанатын У Ен У әділеттілік жолында тер төкпек. Тек жас адвокат атанатын бикештің аутизммен ауыраты көп іске кедергісін келтірмек. 

«Кішкентай ханымдар» 

дорамалар

«Кішкентай ханымдар» — мелодрама жанрында күзде жарық көрген туынды үш әпкелі-сіңілі туралы. Кедей отбасынан шыққан қыздар, Корей елінің байқуатты отбасына төтеп беру үшін барын салмақ. 

«Бәдік»

дорамалар

«Бәдік» — Disney+ платформасы ұсынған танымал дорама. Нуар жанрында таспаланған туынды үшінші дәрежелі адвокат туралы баяндайды. Ол кісі өлтіру ісіне араласады. Өмір сүру және отбасын қорғау үшін артықшылықты жоғарғы таптардың арасында үлкен қастандыққа араласады.

«Жүйенің істен шығуы»

дорамалар

«Жүйенің істен шығуы» — ғарыш тақырыбында таспалаған дорама. Лентада өзінің сүйіктісін НЛО клбының көмегімен іздеуге кіріседі. Бұл орайда аруға космостан келген өзге ғаламшарлық көмек бермек.

«Патшайымның қолшатыры» 

дорамалар

«Патшайымның қолшатыры» — тарихи қара әзілге негізделген дорама. Ким Хё Су, Ким Хэ Сук және Чхве Вон Ён басты рөлді сомдайды. Туындыда Чесондағы білім тақырыбы сөз етілген. 

«Шымылдық»

дорамалар

«Шымылдық» — дораманың басты кейіпкер өнерлі Джэ Хонға ерекше ұсыныс түсуден бастау алмақ. Ал, театр актерінің рөлін сомдайтын жігітке байқуатты отбасының немере қызына арнап өнер көрсету миссиясы бұйырады. Сюжеттің барлық қызығы Джэ Хон мен байдың қызының кездесуі арқылы өрбиді.

«Суық роман»

дорамалар

«Суық роман» — мелодрамасы Ча гым Сун есімді қыздың бастан кешкен оқиғасы жайлы. Ол Солтүстік Кореяда туылып, кейбір себептермен Оңтүстік Кореядан бірақ шықғады. Алайда, оның ет жақындары туған жерінде қалып қояды. 

«Чеболей отбасының кенже ұлы» 

дорамалар

«Чеболей отбасының кенже ұлы» — 16 бөлімнен құралған, ауқымды компанияның құрбанына айналатын жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Юн Хен У кезінде байқуатты отбасын қызмет етіп жүрген жерінен, жала жабылып қалмақ. Бұл оқиғадан бас кейіпкер қалай шығатыны көрерменді қызықтырғаны сөзсіз. 

«Әлсіз батыр» 

дорамалар

«Әлсіз батыр» — сыныптастарынан қысым көретін мектеп оқушысының өмірі жайлы туынды. Ол өзге оқушыларға қарағанда ақылды болғанымен, физикалық тұрғыда әлсіз. Сондықтан ол психологиялық тұрғыда сыныптастарынан кек алду жоспарлайды. 

Оригинал статьи YesAsia можно прочитать здесь.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. IMDb.

Поделиться: