Пиксиден дымқыл bob-қа дейін:  2026 жылдың жазына арналған трендтегі шаш үлгілері
Фото. Spotlight. Georges Hobeika, күз-қыс 2025; Sirivannavari, көктем-жаз 2026; Chanel, көктем-жаз 2026

Пиксиден дымқыл bob-қа дейін: 2026 жылдың жазына арналған трендтегі шаш үлгілері

15 мая 2026

2026 жылдың жазындағы шаш трендтері — еркіндік пен табиғилықтың көрінісі. Бұл маусымда қатаң ережелерден бас тартып, сырт келбетімізді емес, даралығымызды айқындайтын образдарға басымдық береміз. Алдағы айларда сән әлемін бағындыратын басты тенденциялармен таныс болыңыз.

Маусымның басты шаш қию үлгілері мен сәндеулері

Пикси

Трендовые прически лета 2026: от дерзкого пикси до мокрого боба
Фото. Getty Images. Автор. Vittorio Zunino Celotto.

Қысқа әрі батыл классика. Бұл шаш үлгісі бет пішінін толық ашып, келбет ерекшеліктерін айқын көрсетеді. Пикси қымбат әрі ұқыпты көрінеді және айна алдында ұзақ уақыт дайындалуды қажет етпейді.

Wet bob — «дымқыл» боб

Трендовые прически лета 2026: от дерзкого пикси до мокрого боба
Фото. Spotlight. Chanel, көктем-жаз 2026

Биылғы жылдың ең трендті каре нұсқасы. Бұл образдың басты ерекшелігі — айнадай жылтыр эффект. Түзу қиылған шаш гельдің көмегімен сәнделіп, дымқыл шаш әсерін береді.

Тегіс түйілген түбек

Трендовые прически лета 2026: от дерзкого пикси до мокрого боба
Фото. Spotlight. Rizman Ruzaini, көктем-жаз 2026

Минимализмді жақсы көретіндер үшін мінсіз таңдау. Әр талы мұқият жиналған шаш қатаң әрі өте сәнді силуэт қалыптастырады. Мұндай образ қызыл кілемге де, кеңсе стиліне де тамаша үйлеседі.

Табиғи ретсіздік

Трендовые прически лета 2026: от дерзкого пикси до мокрого боба
Фото. Spotlight. Zimmermann, күз-қыс 2025

Бұл — стайлингтен саналы түрде бас тарту эстетикасы. Шашты жай ғана табиғи жолмен кептіру жеткілікті. Неғұрлым аз аралассаңыз, образ соғұрлым заманауи көрінеді.

Айқын бұйралар

Трендовые прически лета 2026: от дерзкого пикси до мокрого боба
Фото. Spotlight. Shiatzy Chen, көктем-жаз 2026

Назар табиғи текстураға ауады. Бұйра шашты «жуасыту» орнына, оның табиғи пішіні мен ылғалдылығын сақтауға мән беріледі. Нәтижесінде шаш жеңіл, серпінді әрі табиғи көрінеді.

Түс пен сәнді детальдар

Lavish Brunette — қанық брюнет реңкі

Трендовые прически лета 2026: от дерзкого пикси до мокрого боба
Фото. Spotlight. Hermes, көктем-жаз 2025

Терең әрі көпқырлы шоколад түстес реңк — маусым фавориттерінің бірі. Бұл трендтің басты сыры — сау әрі табиғи жылтыр. Шаш түсі бай, қымбат және күтімді көрінуі тиіс.

Дымқыл шаш эффекті

Трендовые прически лета 2026: от дерзкого пикси до мокрого боба
Фото. Spotlight. Nensi Dojaka, көктем-жаз 2023

Гель жаздың басты beauty-құралына айналды. Толық артқа таралған шаш болсын немесе құйрықтағы жылтыр акценттер болсын — wet effect образға батылдық пен сәнділік береді.

Шашқа арналған зергерлік әшекейлер

Трендовые прически лета 2026: от дерзкого пикси до мокрого боба
Фото. Spotlight. Sirivannavari, көктем-жаз 2026

Бұл маусымда ұсақ детальдардың рөлі ерекше. Сән қатарында — нәзік алтын қыстырғыштар, өрімге өрілетін жіңішке тізбектер және інжу элементтері. Мұндай аксессуарлар кез келген образды бір сәтте ерекше әрі сәнді етіп көрсетеді.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше