2026 жылы сұранысқа ие болатын корей макияж трендтері
Фото. Instagram @hhh.e_c.v, @chaeyo.0, @cassiessie_ және @lalalalisa_m

2026 жылы сұранысқа ие болатын корей макияж трендтері

Гүлдана Мұқан
20 января 2026

Корея көптеген жылдар бойы әлемдік бьюти-индустрияның қозғаушы күші болып келеді. Дәл осы елде ерекше әрі ең бастысы — күнделікті өмірге ыңғайлы трендтер пайда болып, бірден танымалдылыққа иелені жатады. Оған k-pop индустриясындағы айдолдардың да ықпалы зор: олар таңдаған реңктер, текстуралар мен «фиништер» ешқашан назардан тыс қалмайды. Harper’s BAZAAR Kazakhstan 2026 жылдың басты корей макияж трендтерімен таныстырады.

Фото. Instagram @cassiessie_

Lingerie Makeup

Іш киім стилі әрдайым жеңіл маталармен, жартылай ашық элементтермен және ауа өткізетін материалдармен байланысты. Осы атаудағы макияж да дәл осы қағидаларға сүйенеді. Ол жеңіл текстураларға, нейтралды реңктерге және мат финишке негізделеді. Теріні жасырудың қажеті жоқ — керісінше, оны сәл ғана айқындап, «ашық» күйде көрсету маңызды.

Фото. Instagram @chaeyo.0

Көздің ішкі бұрышын айқындау

2025 жылы пайда бола бастаған бұл тренд қазір кеңінен таралып жатыр. Қарындаш немесе лайнердің көмегімен көздің ішкі бұрышына кішкентай «құсбелгі» (галочка) салыңыз. Әсерін күшейту үшін жылтыр көлеңке немесе хайлайтер қосуды ұмытпаңыз.

Фото. Instagram @hhh.e_c.v

Төменгі қабақтағы «өрмекші аяқ» кірпіктер

Көзқарасты ашық әрі әсерлі ету үшін төменгі кірпіктерге аздап тушь жағып, кейін пинцетпен бірнеше талды біріктіріп, «өрмекші аяқ» формасын жасаңыз. Нәтижесі — кокеткалық әрі сәнді.

Фото. Instagram @lalalalisa_m

Акварельді румянец

Румянемен тәжірибе жалғасуда. Жақында Лиса бір ғана өнімнің көмегімен табиғи «қуыршақ» макияжды қалай жасауға болатынын көрсетті. Қылқалам немесе спонж арқылы өнімді бет, бет сүйектері мен мұрын үстіне өте жұқа, акварель секілді қабатпен тарату керек.

Фото. Instagram @dasique_official

«Құлпынай сүті» макияжы

Азия елдері бізді тек дәмді сусындарымен ғана емес, «жеуге болатын» макияж нұсқаларымен де таңғалдыруды жақсы көреді. Сеулдегі косметика дүкендерінде түрлі қызғылт реңктегі палеткалар өте көп. Бұл сергітетін түс өз сұлулығын айқындағысы келетіндердің бәріне ұнайды. Сарапшылар образды қызықты ету үшін әртүрлі фиништерді қолдануға кеңес береді.

Фото. Instagram @illit_official

Лаванда реңкті жылтыр еріндер

2026 жылғы корей макияж трендтері бьюти-индустрияға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ерінге арналған лаванда реңкі — мінсіз таңдау. Күлгін астыңғы реңкі макияжды солғын етіп көрсетеді деп уайымдамаңыз: зертханалар қызғылт пен көк түстің мінсіз тепе-теңдігін тапты.

Фото. Instagram @dayoungism

Карамель түстес еріндер

K-pop айдолдары пастель реңктерімен ғана шектелмейді. Әнші Даён жуырда қанық, шырынды карамель түстеріне деген сүйіспеншілігін мойындады. Жылы палитра Lingerie Makeup трендімен де керемет үйлеседі. Осылайша, бір образда екі бірдей өзекті трендті біріктіре аласыз.

Harper's BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше