2022 жылдың 21-желтоқсанында Астана уақытымен сағат 21:58-де қысқы күн тоқырауы басталады. Бұл жылдың ең ұзақ түні мен ең қысқа күні саналады. Эзотериктердің айтуынша, сіз дәл осы күні өміріңізді түбегейлі өзгерте аласыз. Тек бірнеше істі дұрыс әрі тыңғылықты атқаруды ұмытпағайсыз. 

2022 жылы қысқы күн тоқыруынан не күтеміз?

2022 жылдың 21-ші желтоқсанында бірнеше маңызды оқиғалар болады:

▪️ астрономиялық қыс басталады;

▪️ күндізгі жарықтың ұзақтығы арта бастайды;

▪️ Күн Оңтүстік нүктелерге көтеріліп шығады;

▪️ жылдың ең қысқа күні мен ең ұзақ түні келеді.

қысқы күн тоқырауы

Қысқы күн тоқырауы күні нендей іске жоламаған жөн? 

2022 жылдың 21-желтоқсанында кез-келген жанжалдан мейлінше аулақ болыңыз. Сондай-ақ, маңызды іске кіріспеген абзал. Себебі, сәтсіз бастама болып, қаржыңыздан айырылып қалып қаупі басым. Демалысыңызды қадағалаңыз және артық жұмыс жасамаңыз. Сонымен қатар, ішімдіктен бас тарып, ойын-сауық кештеріне бармаңыз. Одан да, барынша жомарттық танытып, жақындарыңызға сыйлық жасаңыз, мұқтаждарға жәрдем беріңіз. Жаңа жылда тағдыр сізге оны еселеп қайтарады.  

Қысқы күн тоқырауында не істеу керек?

Бұл күні жылды қорытындылап, қажетсіз дүниелерді қоқысқа тастап, үйді тазалап, болашаққа жоспарларыңызды ойластырған жөн. Арман-тілектерді мейлінше көбірек айтып, қағаз бетіне түсіріңіз. Күннің энергиясы оның орындалуына көмектеседі. Сіз оған қалтықсыз сенсеңіз және ешкімге жамандық тілемесеңіз, ол міндетті түрде орындалады. Бұл күні медитация жасау, жан дүниені тазарту, жанұя мүшелерімен уақыт өткізу пайдалы. Егер сіз үйіңізге әлі шырша қоймаған болсаңыз, оны 21-желтоқсанда армандарыңызды бейнелейтін ойыншықтармен безендіру арқылы жасауға болады.

Қысқы күн тоқырауындағы өміріңізді өзгертуге көмектесетін қарапайым тәжірибелер мен рәсімдер. 

▪️ Егер сіз қажет емес қоқыстардан арылсаңыз, проблемалар да азаймақ. 

▪️ Өміріңізге қажет емес нәрселердің тізімін жасап, оны өртеп жіберіңіз. 

▪️ Денсаулықты нығайту және бір жыл бойы аурудан қорғау үшін электр жарығын қоспай, шаммен ванна қабылдаңыз.

Қысқы күн тоқырау күнінде тілекті қалай айту керек?

Ақ қағазға ең айтулы тілегіңізді жазып, оны шамның жалынына жағыңыз. Күлді қандай да бір контейнерге салыңыз немесе шүберекке орап, тілегіңіз орындалғанша сақтаңыз, кейін күлді желге ұшырып жіберіңіз. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: