Күннің тұтылуы, әлбетте өзгерістер ала келетіні жасырын емес. Сондықтан қазанның 25-і күні, қаржылық қиындықтар, басшылықпен не әріптесіңізбен келіспей қалсаңыз, тағы басқа да проблемалар туындап жатса таң қалмаңыз. Бұл жағдайлардың барлығы сізді шыңдау үшін берілген. Ал әр жұлдызға бұл күн қалай әсер етеді? Оны қазір баяндап береміз.

Тоқты

Тоқтылар үшін тың өзгеріс коммуникация саласында орын алады. Сіз кіммен араласып, ал кіммен қош айтысудың кезі келгендігін анық түсінесіз. Ең бастысы, өз пайдаңызды ойлап, жетістіктерді еселей түсу керектігін ойлаңыз.

Торпақ

Торпақтардың бар назары жұмысқа ауады. Өйткені, бәсекелестер қол қусырып отырған жоқ. Сондықтан құр сөзді қойып, білекті сыбана іске кірісіңіз. Тағы торпақтар өмір салтын өзгертіп, жаман әдеттерден біртіндеп бас тарта бастайды.

Егіздер

Егіздер осы күнді пайдаланып, күллу өмірін өзгерткісі келеді. Бірақ олай болмайды. Сондықтан өзіңізге қазіргі сәтте не маңызды екенін анықтап алыңыз.

Шаян

Шаяндар болса, тезірек үй шаруасын аяқтауға асық. Ол бірнеше уақыттан бері созылып келе жатқан жөндеу шараларымен не жаңа баспана сатып алумен байланысты. Сондықтан шаруаны белгілікті кезеңде аяқтаймын деп межелеп алыңыз. Өйткені, осы уақытқа дейін сырып қойған өзге де жұмыстар сіздің араласуыңызды қажет етеді.

25 қазанда күн тұтылады. Ол сізге қалай әсер етеді?

Арыстан

Арыстандар соңғы кездері айналасында қаптап кеткен екіжүзді адамдардан құтылады. Өйткені, олардың көбі тек өз пайдасын ғана көксеп жүрген жандар.

Бикеш

Бикештер өздерін бағалай түседі. Жеке өмірін ретке келтіреді. Аздаған шығын шығуы да мүмкін. Бірақ оны өткен қателіктердің өтеуі деп қабылдаңыз.

Таразы

Таразылар өздерін сабырға шақырып, ақырын қимылдауы тиіс. Әсіресе, даулы жағдай туындағанда бірден шорт кесудің қажеті жоқ. Одан да, барлығын ақылға салып, сырттан бақылап алыңыз.

Сарышаян

Сарышаяндар үшін бұл кезең сынаққа толы болады. Өйткені, сіз жақын туысқаныңызбен не басшылықпен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Сондықтан ымыраға келуге тырысыңыз.

25 қазанда

Мерген

Барша ғалам сіздің тілектеріңізді тыңдап, көмектесуге әзір. Сондықтан бірінші кезекте қайсысы орындалуы тиіс екендігін, сіз өзіңіз ғана шешесіз.

Тауешкі

Тауешкілер алға қойған міндеттерін өзгертеді. Өйткені, олардың кейбірі сіздің емес, өзгелердің қалауы. Және өзгерістер барлық салаларда орын алатынын ескеріңіз.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар психология мен діни салаға бет бұрады. Өзінің өмірдегі орны жайлы ойлап, соны зерттеуге кіріседі. Жұлдыздар, бұл мәселеде тәжірбиелі мамандарға жүгінуге кеңес береді. Сонда іске қарқын қосылары анық.

Балықтар

Балықтарды күннің тұтылуы тылсым әлемге жетелейді. Сіз кей нәрселерді көріп, білуіңіз мүмкін. Бірақ өзгелердің өміріне араласпағаныңыз дұрыс.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Сати.

Поделиться: