«Жыл тойы!» Бұл Фариза Ескермес пен сүйіктісі Андрей Чалковтың күні кеше өткен үйлену тойына қатысты пікір. Қос ғашық бұл күнге ұзақ уақыт дайындалған. Еске салсақ, Фаризаға ғашығы қаңтар айында үйленуге ұсыныс жасаған болатын.

Wedding day форматы – еуропалық стильде. Оған қоса ғашықтар келген меймандарға сүйікті қаласы Алматының вайбын сезіндіру үшін, дастарқанға апорт алмасын қойып, декорацияны мегаполиске тән етіп ұйымдастырған. Мәселен баннер — «Алма – Ата ғашықтар мекені» деген әдемі сөзбен әрленген. Ал қалыңдық болса кеш барысында 3 түрлі көйлек киді. Образдардың дизайнын Фариза отандық брендтермен бірігіп әзірлеген екен. Олай болса, жас жұбайларға баянды бақыт тілейміз.  


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @fariza_yeskermes

Поделиться: