«5.1 көлемді дыбыс»: Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған шоуды кинотеатрлардан көрсетпек! Премьера қашан?

11 апреля 2025

«Өте маңызды хабарландыру жасаймын!»Димаш Құдайберген Dears-қа арналған жағымды жаңалығымен бөлісті. Музыкант Instagram парақшасында жанкүйерлерін 8 сағат тағатсыздана күттіріп, алда болатын жоспарларымен бөлісті. Әлемді бағындырған жас өнерпаз туған күніне орай фан-кездесу өткізетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, Димаштың «Stranger» концерті 5.1 көлемді дыбыспен Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетілмек. Мұндай формат Құдайберген үшін алғашқы тәжірибе болмақ.

«Құрметті Dears!

Менің туған күніме орай, 26 мамырда Almaty Arena стадионында «Stranger» концертінің кинотеатрларға шығуына орай ұйымдастырылатын «D and Dears» атты фан-кездесу өтеді!

Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар.

Ал 27 мамырдан бастап Астанада өткен «Stranger» шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі! Сіздерді ерекше жақсы көремін!»


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото: Instagram @kudaibergenov.dimash

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше