Ақан Сатаевтың тұңғыш қызы инстаграм парақшасында ата-атасының ажырасуы жайында пікірін білдіріп, жазба қалдырды. Еске салсақ, танымал режиссер экс-жары Назина Бақаевамен 2 жыл бұрын қош айтысуға шешім қабылдаған еді.

5 бала тәрбиелеп отырған отбасынан, мұндай жаңалықты ешкім күтпегені анық. Осы уақытқа дейін бұл жағдай жайында жақ ашпаған жанұядағы балаларының атынан үлкен қыздары сөз қозғады.

«Ата-анамның ажырасайын деп жатқанын алғаш мен естідім. Бұл әке-шешемнің ақылдасып шешкен дұрыс шешімі екеніне менің сенімім мол. Білемін ата-ананың ажырасуы балалардың психологиясына кері әсерін тигізеді. Алайда бұл жағдайда екі үлкен тұлғаның қалауы мен көзқарастарын сыйлап қараған жөн. Себебі бақытты ана-ана болса, балалары да бақытты болады».


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @akansatayev

Поделиться: