«Ninety One» тобының экс-мүшесі A.Z-дің сотталып кете жаздағаны рас па?

23 октября 2023

«Ninety One» тобының экс-мүшесі A.Z-дің басы дауға қалды. Рэпер осы тамыз айында белгісіз біреумен жанжалдасып, оны соққыға жыққаны туралы presskz порталында ақпарат тарады. Жәбірленуші Азамат Зенкаевтың үстінен арыз түсірген. Нәтижесінде, музыкант сот алдында өз кінәсін мойындады.

A.Z-дің ісі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының, 1-бөлігі бойынша «Денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе жалпы еңбекке қабілеттілігінің жоғалуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша қаралған.

Бұл бап оған  айыппұл салуға немесе қамауға алу негіз болар еді. Алайда жәбірленуші Азамат Зенкаевты кешірген. Қос тарап өзара келісімге келгендіктен іс жабылды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @xciii.ix.xxviii

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше