Таяуда ғана мұсылмандық некелерін қиған Ерке Есмахан мен Raim бүгінде бал айына Дубайға аттанған. Ерлі-зайыптылар үлкен той жасамай-ақ, отбасылық өмірлерін бастап кетті. Әсіресе Ерке инстаграм stories-ында келіндік қызметін көрсетіп, оқырмандары үшін белсенділік танытып жүр. Соған қарағанда, қос ғашықтың ұзату және үлкен той жасауға ниеті бар ма жоқ па әзірге белгісіз.

«Ахаж-ға ғана бардық!»: <strong>Үлкен той жасамаған жұлдыздар кімдер?</strong>

Той жасамай-ақ, отбасылық өмірді бастап кеткендер арасында Батырхан Маликов пен Вероника Жанғалова бар. Ninety One тобының мүшесі мен танымал блогер әрі модель мұсылмандық неке ғана қиған еді. Alem мен Вероника бүгінде ең стилді және ең әдемі жұптар қатарына кіреді. Фолловерлердің пікірінше, жас отбасының инстаграмдағы контенті үлгі алуға тұрарлық.

«Тек АХАЖ-ға барып, шампан ішіп тойладық!», «Неге той жасамадыңыз?» деген сұраққа Аружан Жазылбекова, ресми құжатқа қол қоюмен шектелдік деп отыр. Танымал актриса бизнесмен Ержан Алдабергеновқа жарты жыл бұрын тұрмысқа шықты. Жұп салтанатты шараны жасаудан бір ауыздан бас тартқан. Себебі, той ол — тиімсіз шығын.

Үлкен той

Тәуекел Мүсілім болса, үлкен той жасау үшін талай ниеттенген еді. Алайда, актердің бұл жоспарына карантин кедергі болды. Кино жұлдызы модель Махаббат Мүсіліммен неке қиып, той көйлегімен арнайы фотосессия жасады. Бүгінде жұп 2 ұл тәрбиелеп отыр. 

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали көпшіліктен жасырып үйленіп алған жұлдызды отбасы. Айқын Жұлдызды үйінен ұзатып алған сәтінен желіде фотосуреттер тараған еді. Халық бұл жұптың ұлан асыр той жасайтынына сенген-ді. Алайда карантин және басқа да себептерге байланысты Төлепберген екінші рет үлкен той өткізуден бас тартты.

Үлкен той

Кино және театр актрисасы Жанель Мақажан мен актер Абай Асылхан да салтанатты шара жасап, шығындалуға қарсы. Жұлдызды жұп неке қиған кезінде оқырмандарынан сүйінші сұраған еді. Жанель той ұйымдастырғанша, қаражатты ортақ пайдалы іске жұмсаймыз деп шешкенін айтқан-ды.

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш та тек неке қиюмен шектелген отбасы.  Жахан «Kesh YOU» тобының бұрыңғы мүшесін үйінен ұзатып алды. Актер жарын әлі ремонты бітпеген шаңырағына әкеліп, жақындары арасында кішігірім отырыс жасады. Десе де, бұл жұптың үлкен тойын күткендер көп.

Үлкен той

Әли Оқапов пен «Асыл» тобының мүшесі Ақерке Бүркітбайдың үйлену тойы көпшілік үшін әлі де құпия. Бұл жұптың тек ұзату тойынан желіде суреттер тарады. Оған қоса, Әлидің сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған сәті де жоспардан тыс ғаламторға жүктелген. Әлі күнге дейін Әли мен Ақерке отбасы екендерін барынша жасырын ұстауға тырысады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram

Поделиться: