M’Dee тыңдармандарын қуантты! Музыкант дәл бүгін су жаңа «aitshy» атты трегінің тұсауын кесті. Аталмыш композицияны жазуға Тоқтаровтың сүйіктісі Гүлсезім Хасен жәрдем берген. Еске салсақ, желіде танымал блогер M’Dee-дің «asyl janym» әнінің де авторлары қатарында.
«aitshy» — әні қосыла алмай кеткен ғашықтардың сезімдері өшпейтіні жайында. Композиция өнерпаздың қазақ тіліндегі екінші туындысы. Бұған дейін, M’Dee, Ayau және Shiza бірге «basqany» трегін туған тілінде орындаған болатын.
Мади Тоқтаров жаңа әнін жарыққа шығармас бұрын ұзақ ойланғанын айтады. Музыкант тіпті тректің 11 нұсқасын жазған.
«Бұл әнді мені былтыр желтоқсан айында жаздым. Оны сөзсіз бірден Гүлсезімге тыңдаттым және сол күні екеуміз бірге тректің сөздерін жазып тастадық. Бірақ менің көңілімнен шықпай жүргендіктен, көп ойландым. Бұл композицияға жарты жылдай «рецепт» іздегендей болдым. Менің мұрағатымда акустикадан бастап билеуге келетін 11 түрлі нұсқасы жатыр. Ақыр соңында қобыздың дыбысын қосып көргеннен кейін, керегі осы екенін түсіндім.» — дейді музыкант.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @mdeemusic