«Бақыт! Бақыт! Бақыт! Менің қызым үшінші рет ана атанды. Қызды болдық». Ханшайымдардың династиясы! Баян Алагөзова үш дүркін әже атанды. Продюсер тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбектің босанғанын мәлімдеп желіде оқырмандардан сүйінші сұрады. Айсәуле үшінші мәрте қызды болды. Блогердің өзі әзірге жағымды жаңалығымен бөліспеді. Есесіне барлық құттықтауларды Мақсатқызы қабылдап жатыр. Олай болса, бауы берік болсын дейміз. Еске салсақ, Баян ханым бүгінде төрт, ал Айсәуле үш ханшайымның анасы.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @aissaulebakytbek