«Армандар орындалады!» Айжұлдыз Адайбекова мен Mona лақап атымен танымал Аида Құрманғалиева Берлин халықаралық кинофестивалінің қадірменді мейманы атанды. Қос ару биыл 75-ші мәрте ұйымдастырылған әлемдік шараның қызыл кілемінен жүріп өтті. Internationale Filmfestspiele Berlin 2025 жиынына Айжұлдыз бен Mona Armani брендінің атынан арнайы барған. Armani beauty ұсынған party-де Julie мен Mona модель де атанып, әйгілі сән үйінің жарнамалық ролигіне де түсті.

Айжұлдыз Адайбекова мен Аида Құрманғалиева red carpet-те Кайли Дженнер, Тимоти Шаламе, Роберт Паттинсон, Натали Эммануэль сынды голливудтың мега жұлдыздарымен бірге бой көрсетті. Шараның атмосферасы мен қос арудың алған эмоциясын инстаграм парақшаларындағы әдемі контенттен көруге болады.

Еске салсақ, Берлин халықаралық кинофестивалі 1951 жылдан бастап жыл сайын Германияның Берлин қаласында өтеді.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото @aizhuldyz_adaibekova @monalemi

Поделиться: