«Әрбір адам өзін бақытты сезінетін жерде жүруі тиіс….Шүкір» Ақбота-Нұр Сейітмағамбет дәл осындай пост салып оқырмандарын қызықтырып қойды. Әнші той көйлегін киіп бейтаныс ер азаматпен романтикалық видео жүктеген. Онда Ақботаның құпия жігітпен құшақтасып тұрғанын байқауға болады. Сылқым тіпті таспаға Балжан Бидаштың «Екеуміз» атты махаббат әнін қойған.

«Бүгін мен үшін ерекше күн», — деп инстаграм парақшасына stories салған Ақботаны фолловерлер жарыса құттықтауда. Оқырмандардың жартысы «Ақбота сен бақытты болуға лайықсың», «Бақытты болыңдар, керемет жұп», — деп әнші үшін қуанып жатса, желідегі аудиторияның басым бөлімі «Кезекті жобаның түсірілімі шығар», — деп күдікпен қарады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @akbotanurabaykyzy

Поделиться: