Жын, Аладдин, Жасмин ханшайым мен сиқырлы кілем үлкен экранға қайта шығады. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Disney Аладдиннің қиял-ғажайып оқиғаларының жалғасын ойластыруда. Қазір жоба әзірлеудің бастапқы кезеңінде. Алайда сиквелдің режиссері бірінші фильмді түсірген Гай Ричи болатыны-болмайтыны жөнінде мәлімет жоқ. Қазір студия актерлер мен түсіру тобына ұсыныс жасамас бұрын, сценарийдің жазылып бітуін күтіп отыр. Disney сценарийшілер Джон Гатинс және Андреа Берлоффпен жұмыс жасап көруге бел буыпты.

«Аладдин» фильмінің жалғасы түсіріледі

«Аладдиннің» түпнұсқалық анимациялық фильмінен кейін екі сиквел жарыққа шықанымен, картинаның жалғасы «Джафардың оралуына» да, «Аладдин және қарақшылар патшасына» да негізделмейтін секілді.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. @willsmith, фильм «Аладдин».

Поделиться: