Күз айының бел ортасы да болып қалды. Бұл жаңалықтарға толы кезең болады дейді жұлдыздар. Сондықтан алдағы аптада сізді не күтіп тұрғандығын біле жүріңіз.

Тоқты

«Көз қорқақ, қол батыр» демекші, тоқтылар жұмыс ауқымына қарап, қорқуы мүмкін Бірақ олардың барлығы оңай еңсеріледі. Сондықтан тек өз күшіңізге сеніп, барлығын жоспарлап алыңыз. Бірақ қаржыны ұқыпты ұстап, айналадағы адамдарға аса иек артпаңыз.   

Торпақ

Торпақтар үшін дүйсенбі ең қауіпті күн болмақ. Сондықтан сақтық араларын ұмытпаңыз. Ең бастысы сізге пайда әкелмейтін  ешқандай ұсыныстарды қабылдамаңыз. Ал сейсенбі күні барлығы өз бетімен шешіледі.

Егіздер

Егіздер үшін осы апта қарбаласқа толы болады. Бірақ бастаған істі аяғына дейін жеткізуді ұмытпаңыз.

Алдағы аптаға арналған жұлдыз жорамал

Шаян

Шаяндарды өткен апта қажытты. Сондықтан олардың жүйкесі жұқарған.  Ал қазір олар өздерін сабырға шақырып, тынышталған. Және алдағы уақытқа жоспар құруға дайын.

Арыстан

Арыстандар, өмірдің ағымына қарсы жүруді доғарыңдар. Сонда ғана сіздерге сәттілік серік болады.

Бикеш

Бикештер, дүйсенбі күні белсенді болмауға тырысыңыз. Сейсенбі мен сәрсенбіде даулар мен түрлі жанжалдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бейсенбі мен жұма күндері білек сыбана жұмысқа кіріскен абзал.  Ал демалыс күндері ойыңызды қалыпқа келтіру үшін табиғат аясында өткізіңіз.

Таразы

Таразылар үшін нақты қадам жасайтын уақыт жетті. Ең бастысы ешкімнің пікіріне құлақ аспаңыз.

Сарышаян

Бұл апта махаббат майданында жолыңыз болмайды. Бірақ ол айналадағыларыңызды сүзгіден өткізу үшін  маңызды болады.

жұлдыз жорамал

Мерген

Түрлі дау-дамайлардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Жаныңызда жүрген жандарға тым қатал талап қоюды доғарыңыз.

Тауешкі

Сізді барлық қиындықтар айналып өтеді. Сондықтан жоспарларыңызды іске асыратын кез келді.

Суқұйғыш

Осы аптаны медитация не массаждан бастаңыз. Ол сіздің демалуыңызға жағдай жасайды. Және ішкі жан дүниеңіз бен ойларыңызды қалыпқа келтіреді. 

Балықтар

Махаббат қатынастарын жасанды түрде бірінші орынға шығаруға тырыспаңыз. Түймедей нәрсені түйедей етуге асықпаңыз. Яғни, кішігірім түсініспеушілікітерді үлкен дауға айналдырмаңыз. Одан да, жұмысқа ден қойыңыз. Ол басшылыққа көрініп қалуға жағдай жасайды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Люк Дики.

Поделиться: