«Ninety One» тобының мүшесі ALEM жаңа бейнебаян ұсынды! Соло шығармашылығын дамытып жүрген музыкант «ELESTET» атты туындысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қозғаған. Клиптің сюжетінде ғашықтардың арасындағы түсініспеушілік орын алып, сүйіктісіне қол көтерген сәттер көрсетіледі. «Мені елестет қараңғы суық түнде, сөнбе!» сынды мағынасы терең контекст кездеседі. Бейнебаян кейіпкерлерін актерлер сомдаған, ал Батырхан Мәлік тек әнші ретінде бой көрсетеді. Тректің сөзі мен әнін ALEM-нен өзге ZAQ, De Lacure, Ayrys және NEITRON сынды өнерпаздар бірігіп жазған.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @xcialem

Поделиться: