Бұл туралы Алматы қаласының тұрғыны Almaty.tv телеарнасына берген сұхбатында айтқан. Оның бұрынғы күйеуі өзінің туған қызын досына қалыңдық қылмақшы болған. 16 жасар бойжеткен егде жастағы азаматтың тоқал атануы тиіс екен.

тоқал

Күйеуім бұрын мейірімді және тақуа адам болған дейді әйелі. Бірақ азамат деструктивті діни ағымның ықпалына түсіп, аз уақыттың ішінде қамқор отағасыдан, тиранға айналған.

«Ол маған туыстарымен араласуға тыйым салып, қол көтеретін. Біз онымен төрт жыл бұрын ажырасқанбыз. Үш баламыз бар. Мені үнемі қорқытатын. Тағы бір-екі әйел аламын, дінімізде солай көрсетілген дейтін. Ал бір күні жолдасым мүлдем ақылға сыймайтын нәрсе айтты. Ол 16 жасар қызымызды досына үйлендірмекші екендігін айтты. Сау адам өз қызына осылай жасай ма?! Осыдан кейін біз онымен барлық байланысты үзіп, көріспей кеттік», — деді жасөспірімнің анасы.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқал заңды жұбайы болып табылмайды. Өйткені, көп әйел алу институты заңсыз әлеуметтік құбылыс.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: