«Жалған ақпарат»: Алтынай Жолдыбаева хиджабын шешіп тастады деген қауесетке жауап берді

13 сентября 2023

Алтынай Жолдыбаева әлеуметтік желіде желдей ескен ақпараттарға қатысты жауап берді. Соңғы кездері дін жолында жүрген блогердің «хиджабын шешіп тастады» деген жаңалық шығып, ғаламторда таралып кеткен еді. Осыған орай, экс-әнші оқырмандарының алдында ресми түрде мәлімдеме жасады. Кіші Жолдыбаева әлі күнге дейін орамалын шешпегенін және өзіне қатысты айтылған әрбір сөздің қауесет екенін алға тартты.

«Иә, өкінішке орай дәл осындай жалған ақпаратты таратушылар желіде көбейіп кетті. Ғайбат – ауыр күнә, өмірден, діннен, тәрбиеден хабары бар, саналы адам бұған жол бермейді. Дегенмен де... Аллаһ әділ! Бұл жалған ақпаратты таратып жүргендерге қатысты Аллаһтың соты мен үшін жеткілікті.»

Сондай-ақ, Алтынай орамалға келген сәтін еске алды. «Джейран» тобының бұрыңғы әншісі «хиджап кию үшін арнайы дайындалмадым, намазға тағатын орамалымды басыма тарттым, сол күннен бері Аллаға шүкір шешу туралы ой болмады», - дейді. Жолдыбаева бұл пікірлердің барлығын өзінің инстаграм stories-ында бөліскен болатын.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @altynaizholdybayevanew

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше