Алтынай Жолдыбаева инстаграм парақшасында жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті. Әнші әрі актриса бүгінде жүрегін жаулаған ер азаматты кездестіргенін мәлімдеді. Оқырмандардың бірі Алтынайдан «Сіз тұрмыстасыз ба?» , — деген сауал қойған, сылқым бұл сұраққа сүйіктісімен қол ұстасып түскен фотосының астына «Теңдесіз сезімдерімнің себебі», — деп жауап берді. Осылайша Жолдыбаева жеке өміріне қатысты барлық сұраққа нүкте қойғысы келгендей.

Жолдыбаева бұған дейін бейтаныс ер азаматпен құшақтасып түскен суретін өзінің инстаграм stories-ына салып, оқырмандарын қызықтырып қойған еді. Соған қарағанда дәл осы жігіт Алтынайдың ғашығы болуы әбден мүмкін. Экс-Джейрандық ару сүйіктісінің жүзін әзірге құпия ұстап отыр.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @altynaizholdybayevanew

Поделиться: