Барлығымыз «Шеф Адам Джонс» фильмінде аспаздың рөлін сомдаған Брэдли Куперге ғашық болдық. Оның әзірлеген тағамдары ғана емес, арнайы киім киген актердің өзі де тартымды болды. Сондықтан болар, біздер «сексуалды мамандықтар» бар екенін жасырмаймыз.

Қандай мамандықтар құмарлықты оятады?
Кадр из фильма «Шеф Адам Джонс»

Адамдар ең алдымен танысқанда бір-бірінің қайда жұмыс істейтіндерін сұрайды. Яғни, қыз-жігіттер осылайша, болашақ жұптарының қай мамандықтың тізгінін ұстағандығын біледі. Бұл әрі қарай қарым қатынасты жалғастырудың керегі бар ма, жоқ па соны шешуге көмектеседі. Мұны жүргізілген арнайы зерттеу нәтижесі көрсеткен.

Ерлер үшін ең тартымды әйелдер мамандығы: медбике, модель, жолсерік, мұғалім, дәрігер, заңгер, әнші, жаттықтырушылар мен бишілер, тағы ғалымдар. Ал нәзікжандылар болашақ жарының өрт сөндіруші, инженер, полицей, заңгер, ұшқыш, ветеринар, мұғалім және архитектор болғанын қалайды.

мамандықтар

Ал жүк көлік жүргізушісі, саясаткер, жылжымайтын мүлік пен ритуалды қызмет көрсету саласында істейтіндер аса қызығушылық тудырмайды екен.

Бірақ «таңдаған тазға жолығады» демекші, қандай мамандық иесі болмасын, ең алдымен оның адамгершілік қасиеттеріне назар аударған жөн. Сондықтан адамның жұмысына қарап таңдау жасау қателік.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. IMDb. Shutterstock.com.

Поделиться: