Апталық жұлдыз-жорамал: 26 қаңтар – 1 ақпан аралығында сізді не күтіп тұр?
Фото. Манн.

Апталық жұлдыз-жорамал: 26 қаңтар – 1 ақпан аралығында сізді не күтіп тұр?

Гүлдана Мұқан
26 января 2026

Апталық жұлдыз-жорамал шифрланған бағыт секілді: жұлдыздардан келген әрбір белгі — алға қалай жылжу керегін меңзейтін ишара. Аспан денелері болашақтың күрделі бейнесін құрап, күтпеген бұрылыстар мен маңызды шешімдерге жетелейді. Белгілерге құлақ асыңыз. Мүмкін, дәл қасыңызда шын мәнінде құнды бір нәрсе жасырын тұрған болар.

Тоқты

Қазір адамдар ортасында болу аса маңызды. Таныстар шеңберін кеңейтіп, жиі қоғамдық ортаға шығыңыз, достармен кездесуден бас тартпаңыз. Жаңа байланыстар шешуші рөл атқаруы мүмкін, ал бұрынғы таныстар алдағы күндері күтпеген жерден пайдалы болып шығуы ғажап емес.

Торпақ

Бұл аптадағы басты қағида — мұқияттылық. Біреу сізді қателіктеріңіз арқылы тұзаққа түсіруге тырысуы мүмкін, сондықтан кез келген ақпаратты бірнеше рет тексерген жөн. Алыс сапарға шығу да жақсы идея: бұл әріптестер тарапынан артық сыннан құтылып, ішкі тыныштықты сақтауға көмектеседі.

Егіздер

Күндеріңіз жарқын әрі мазмұнды өтпек. Ұзақ уақыт есте қалатын оқиғалар болуы мүмкін. Дегенмен, эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз, ойланбай жасалған әрекеттерден сақ болыңыз. Ақылмен қимылдап, сезімді де елеусіз қалдырмаңыз. Уақыт өте келе осы тепе-теңдіктің мәнін түсінесіз.

Фото. Манн.

Шаян

Бұл апта да белсенді өтеді, алайда негізгі назар жұмысқа ауады. Серіктестермен кездесулер, келіссөздер және ықпалды адамдармен іскерлік түскі астар болуы ықтимал. Тығыз кесте мен жаңа кәсіби міндеттерге дайын болыңыз.

Арыстан

Жұлдыздар ескертеді: басшылық сізге ең қолайсыз сәтте қосымша тапсырмалар жүктеуі мүмкін. Демалыс күндерін жұмысқа арнамау үшін, ағымдағы істерді алдын ала реттеп, маңызды шаруаларды кейінге қалдырмаңыз.

Бикеш

Ұсақ-түйек қиындықтарды жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. Болмашы мәселелерге тым көп мән беруге бейімсіз, бірақ дәл қазір шын мәнінде маңызды дүниелерге назар аударған жөн. Алда әлдеқайда көп күш, энергия және ішкі ресурс талап ететін міндеттер бар.

Фото. Манн.

Таразы

Мәреге жақындадыңыз, соңғы серпіліс қана қалды. Істі аяқтау барысында эмоциялық күйзеліске түспеу үшін, жақындарыңыздан немесе серіктесіңізден көмек сұраудан тартынбаңыз. Бұл — қарым-қатынастың беріктігін сынайтын кезең: егер қолдау көрсетілсе, байланыс нығаяды, ал егер болмаса, тиісті қорытындыны өзіңіз-ақ жасайсыз.

Сарышаян

Алдыңыздан маңызды жоба көрінеді, оған сізді құнды маман ретінде шақыруы мүмкін. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз және бар күшіңізді салыңыз. Сәтті нәтиже тек жақсы табыс әкеліп қана қоймай, сенімді кәсіби маман ретіндегі беделіңізді де арттырады.

Мерген

Өткенге көз жүгіртіп, жүріп өткен жолыңызды байыппен бағалайтын уақыт келді. Бұл кезең оңай болған жоқ, бірақ әрбір тәжірибе өз сабағын берді. Қазір әлемге әлдеқайда шынайы көзқараспен қарайсыз. Соңғы оқиғалар сізді неге үйреткенін түсініп, бұрынғы қателіктерді қайталамауға тырысыңыз.

Фото. Манн.

Тауешкі

Болашақ туралы ойланып, ұзақ мерзімді стратегия құруға қолайлы кезең. Осы аптада ойларыңызды, тілектеріңізді және мақсаттарыңызды қағазға түсірген пайдалы. Көп сұрақтың жауабын түйсігіңіз береді, сондықтан өз ішкі даусыңызға ерекше мән беріңіз.

Суқұйғыш

Кәсіби дамуға назар аударыңыз. Бос уақытыңызды дағдыларыңызды жетілдіруге арнасаңыз, өзіңізді мықты маман ретінде көрсетуге үлкен мүмкіндік бар. Теориямен шектелмей, білімді тәжірибеде қолданыңыз, жобаларға қатысып, қосымша міндеттерден қашпаңыз.

Балықтар

Сізді энергия кернейді, бұл айналаңыздағы адамдарға да анық байқалады. Кейбіреулерге мұндай қарқын тосын көрінуі мүмкін, бірақ күшіңізді дұрыс арнаға бағыттасаңыз, мойындау көп күттірмейді. Ең бастысы — шашырамау және өзгенің пікіріне емес, басты мақсаттарыңызға назар аудару.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.



Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше