Рок-н-ролл көңіл күйі ауада қалықтап тұрғандай. Себебі сәнқойлар стильді әрі батыл, қаптамалармен сәнделген сөмкелерді жаппай тағып жүр. Инфлюенсерлер мен жұлдыздар кросс-боди мен кең тоуттардан бастап, клатчтар мен созылған модельдерге дейін әртүрлі сөмке түрлерін таңдайтын болған. Көктем-жаз сән апталығында басты назар түгелдей шашақтармен сәнделген әсерлі аксессуарларға ауғандықтан, біз, бәлкім, металл сәнімен безендірілген былғары не күдері сөмкелерді байқамай қалдық.
Айта кетейік, қаптамалармен сәнделген сөмкелер бохо эстетикасы мен indie sleaze стилінің қайта оралуының белгісі. Алайда бүгінгі таңда аксессуардың киімге үйлесімді болуы үшін міндетті түрде хиппи стиліндегі киімдерді таңдаудың қажеті жоқ. Ең бастысы — өз келбетіңіз өзіңізге ұнауы. Сол — ең маңыздысы.

Valentino

Khaite

Gimaguas

Madewell

Sonia Rykiel

Balenciaga

Margesherwood

Alaïa

Chloé

Loeffler Randall

Christian Louboutin

Clare V.

A.L.C.
Harper’s BAZAAR ұсынған материалдың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.