Ақпан айына арналған жұлдыз жорамал: қыстың соңғы айы сізге не дайындап қойды?
Фото. Данил Ярощук.

Ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал: қыстың соңғы айы сізге не дайындап қойды?

Гүлдана Мұқан
02 февраля 2026

Қыстың соңғы айы барлық зодиак белгілері үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, тың ойлар сыйлайды. Бұл — өз мақсаттарыңызды қайта қарап, қай бағытта шын мәнінде алға жылжығыңыз келетінін түсініп, маңызды шешімдер қабылдауға қолайлы кезең. Жаңа бастамаларға дайын жандарға ғаламшарлар қолдау білдіріп, сондай-ақ бұрыннан келе жатқан мәселелерді әдемі түрде аяқтауға және басталған істерді тәмамдауға сәтті сәттер сыйлайды. Қалғанының бәрін Harper’s BAZAAR Kazakhstan ұсынған ақпан айына арналған жұлдыз-жорамалынан біле аласыз.

Тоқты

Ақпан айында Тоқтылар үшін мансап алдыңғы орынға шығады. Жұмысты басты басымдыққа айналдырып, көп күш салатын уақыт келді — бұл көптен күткен қызметтік өсімге жақындатады. Егер өз бизнесіңіз болса, ай белсенді инвестициялар үшін қолайлы, әсіресе қаржылық салымдар үшін. Қазір іске қаншалықты көп ресурс бағыттасаңыз, нәтижесі де соншалықты айқын болады.

Торпақ

Саяхаттауды тым ұзақ кейінге қалдырған сияқтысыз. Сондықтан Әлем сізді көптен бері армандап жүрген сапарға аттануға итермелейді. Ең бастысы — дайындыққа жауапкершілікпен қарау: бағытты алдын ала жоспарлап, тұратын жерді брондап, жергілікті ерекшеліктермен танысу. Сонда жаңа әсерлерден толық ләззат аласыз.

Егіздер

Қаржы мәселелері ерекше назарды талап етеді. Күтпеген шығындар болуы мүмкін, сондықтан бюджетті алдын ала реттеп, «қауіпсіздік жастығын» дайындап қойған жөн. Ал инвестицияға келгенде абай болыңыз — тәуекелі жоғары салымдардан әзірге бас тартқан дұрыс.

Ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал: қыстың соңғы айы сізге не дайындап қойды?
Фото. Данил Ярощук.

Шаян

Достарыңызды еске алатын уақыт келді. Олар сізбен кездесіп, әңгімелесуді көптен бері күтіп жүр. Егер кейінге қалдыра берсеңіз, арақашықтық пайда болуы мүмкін. Осы айда міндетті түрде кездесуге бір күн бөліңіз — ең дұрысы, тыныш әрі бейтарап жерде.

Арыстан

Ақпан — сіздің жұлдызды сәтіңіз. Көшбасшылық қабілетіңіз, харизмаңыз бен сендіре білу қасиетіңіз, әсіресе кәсіби ортада, аса қажет болады. Басшылықпен маңызды кездесу өтуі мүмкін, сол жерде өзіңізге артылған сенімнің бекер еместігін дәлелдеу қажет. Өзіңізді нық көрсетіңіз — бәсекелестер аз болмаған.

Бикеш

Бұл ай — өміріңізге жаңа хобби қосудың тамаша сәті. Қызығушылық стресс деңгейін төмендетіп, күнделікті күйбеңнен арылуға көмектеседі. Жұлдыздар балалық шағыңызда қуаныш сыйлаған істерді еске алуға кеңес береді: велосипед тебу, үстел ойындары немесе пазл жинау. Ең бастысы — шын мәнінде демалдыратын іс таңдау.

Ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал: қыстың соңғы айы сізге не дайындап қойды?
Фото. Данил Ярощук.

Таразы

Негізгі назарыңыз — ішкі тепе-теңдік. Үйлесімділікке жету үшін алдымен өзіңізбен байланыс орнату маңызды. Әмбебап тәсіл жоқ, бірақ медитация сияқты тұрақты тәжірибелер жақсы тірек бола алады. Есіңізде болсын: бір рет жеткіліксіз — тек жүйелі жұмыс қана нәтиже береді.

Сарышаян

Ақпан батыл шешімдерге қолайлы, бірақ салқынқандылықты сақтаған жағдайда ғана. Амбицияңыз сіздің пайдаңызға жұмыс істейді, алайда ойдың айқындығын жоғалтпау маңызды. Жылжымайтын мүлікке немесе бағалы қағаздарға тиімді инвестициялар болуы мүмкін. Алдымен нарықты мұқият зерттеп, барлық «артықшылық» пен «кемшілікті» таразылаңыз.

Мерген

Бұл кезең игі істерге және әлемге ашық болуға шақырады. Басқаларға жанашырлық танытуыңыз біреудің өмірінде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Қайырымдылық туралы ойланыңыз: баспанасыз жануарларға, балалар үйлеріне немесе қарттарға көмек көрсету. Тіпті шағын үлес те үлкен мәнге ие.

Ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал: қыстың соңғы айы сізге не дайындап қойды?
Фото. Данил Ярощук.

Тауешкі

Отбасыңызды ұмытпаңыз — дәл жақындарыңыз тұрақтылық пен ішкі күш сыйлайды. Иә, жұмыс көп уақыт пен энергия талап етеді, бірақ жылы әңгіме немесе туыстармен кездесу дәл қазір аса маңызды. Кейде қарапайым қоңыраудың өзі көп нәрсені білдіреді.

Суқұйғыш

Барлығын өзгертуге деген құлшыныс пайда болуы мүмкін — бұл қалыпты жағдай. Жұлдыздар жаңаруға және күнделікті сұрғылттықтан шығуға итермелейді. Үлкен қадамдардан бастау міндетті емес: гардеробты жаңарту, интерьерді өзгерту немесе жаңа әдеттер енгізу жеткілікті. Ұсақ өзгерістердің өзі көңіл күйді түбегейлі өзгерте алады.

Балықтар

Бұл айда интуицияңыз ерекше күшейеді. Егер байқағыштық пен сезімталдық маңызды рөл атқаратын істерді ойлап жүрсеңіз — батыл әрекет етіңіз. Ішкі дауысыңыз күрделі жағдайларды түсінуге, айналаңыздағы адамдардың шынайы ниетін аңғаруға және ең дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше