Қазақстандық блогер Арман Юсупов өзгенің пікіріне құлақ асамын деп ажырасып кете жаздаған. Бірақ әйелім шыдамдылық танытып, бәріне төзді. Сондықтан оған ризамын дейді ол. Бұл туралы Арман өзінің Instagram  парақшасында жазған. 

Арман Юсупов

«Тек ер адамның айтқаны ғана дұрыс. Ең алдымен достарыңа тек содан кейін барып қана отбасы, бала-шағаға көңіл бөлу керек. Осындай ұстанымдарын менімен араласатын адамдар айтты. Соған мен сеніп, жұбайыммен арадағы қарым-қатынасымыз бүлінді. Мен тіпті өзімді тәрбиелеп өсірген әкемнің де, анама ерекше сыйластықпен, сүйіспеншілікпен қарайтынын, бос уақытын үнемі бізбен өткізетіндігін ұмытыппын»-, дейді блогер.  

Сөйтіп, өзінің алғашқы махаббатына үйленген Арман Юсупов бір жыл бойы ажырасудың аз-ақ алдында жүрген. Өзгенің пікірін ескеріп, отбасын бұзбақшы болған блогер, кейін барлығын түсінген. Және барлық жағдайға шыдамдылықпен қараған сүйіктісіне алғысын білдіреді. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: