Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның отбасында қуаныш. Блогерлер жаңа автокөлік сатып алып, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Желіде ауқымды аудиториясы бар жанұя құны 50 миллионға бағаланатын машинаға таңдау түсірген. Электромобильді HiPi маркалы көліктің соңғы моделіне Арман «Степан» деп есім қойып қойған. Ғаламтор жұлдыздары «Отбасымыздың жаңа мүшесімен таныс болыңыздар», - деп инстаграмда ерекше контент ұсынды. Қуанышты сәтте Арман мен Каринаның жанында қос ұлы да бар. Фолловерлер блогерлерді құттықтап жаппай коментарий қалдырды. Видео бірнеше сағатта 1 миллион қаралым мен 700-ге жуық пікір жинады.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @oksukpaevak