Әсел Сәдуақасова мен Мағжан Тілеуханның отбасы болғандарына 3 айға жуық уақыт болды. Еске салсақ, бүгінде коуч-мотиватор атанған актриса өзінен 9 жасқа кіші маркетологқа тұрмысқа шыққан еді. Әсел күйеуімен арасындағы жас айырмашылықтың өмірлеріне қалай әсер етіп жатқанын айтты. Өзінің инстаграм парақшасында бөліскен Сәдуақасова жұбайы екеуі екі түрлі музыка тыңдаймыз деп отыр. Кинопродюсер бір-бірінің жасына қарай талғамдарымыз әр түрлі дейді. Тіпті, Мағжан алғаш танысқанда сәтте ұнау үшін Әселдің қалағанын тыңдаған екен.


Сондай-ақ, Сәдуақасова күйеуімен не үшін сөзге келіп қалатындары жайлы stories-ында бөлісті. Ал, ол тізімдегі мәселелердің барлығы қос ғашықтың арасындағы болатын қалыпты жағдайлар.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @asselsadvakassova