«Өзім босандым»: Әсел Сәдуақасова неге жүктілігін тоқтатуға мәжбүр болды?

20 октября 2023

Әсел Сәдуақасова жеке өмірінде бастан өткерген қиын кезеңдерді айтып берді. Бүгінде коуч-мотиватор атанған актриса жүкті болғанын мәлімдеді. Әсел бұл жаңалықты Тимур Балымбетовке берген үлкен сұқбатында есіне алды. Жарты жыл бұрын өзінен 9 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан  Сәдуақасова аяғы ауыр кезінде жүктілігін тоқтатуға мәжбүр болған.

  • «Өте үлкен күйзелісті бастан кештік. Сәуір айының соңында Қазақстанға келуіміз керек болған. Біз үйленеміз деп ойламадық. Бірге тұрамыз деп шештік. Алайда мен аяғым ауыр екенін білемін. Қазақстанға келгенде, ата-аналарымызға айттық. Олар «Үйленіңдер» деді. Біз де келістік. Уақыты келгенде айтамын деп жүргенмін. Біреу «Аяғы ауыр боп қалып, күйеуге шықты» десе де, мән бермейтін едім. Тіпті бірге тұрсақ та, бәрібір ғой. Алайда біз үйленуге шешім қабылдадық. Мен өмір бойы армандаған үйлену тойы болды. Бізде үйленгеннен кейін ұрыс, дағдарыс басталды. Мен оған бөлек тұруды ұсындым. Себебі, бұл балаға кері әсер ететін еді. Аяғым ауыр. Маған бұлай жүйкемді жұқартуға болмайды дедім. Сол уақытта мен өте сезімтал болдым. Болмайтын нәрсеге жылайтын едім. Қарым-қатынасты қалыпқа келтіріп, бірге уақыт өткізе бастадық».

Актриса сұхбат барысында жүктілікті 20 аптада медициналық көрсетілім бойынша тоқтатқанын айтты. «Екі аптадан кейін екінші скрининг болуы керек еді. Жүктіліктің жиырмасыншы аптасы болатын. Осы скринингте баланың дамуында өзгеріс болып жатқанын айтты. Сол апта мең-зең боп жүрдім. Дәрігерлер кеңесі құрылып, медициналық көрсетілім бойынша, менің жүктілігімді тоқтатуға шешім қабылдайды. Мен ауруханаға жаттым. Не болып жатқанын түсінбеймін. Бұл жағдай бізді жақындастырды».

  • «Өзім босандым. Ол менімен босану кезінде бірге болды. Маған дәрі беріп, толғақ шақырды. Толғақ бір тәулікке созылды. Егер табиғи толғақ келсе, сен балаңмен кездесетініңді білесің ғой. Ал бұл жағдайда өте қорқынышты болды. Дәрігерлер мені басқа балалардың туылғанын көрмеу үшін оқшаулады. Соның өзінде өте ауыр болды. Мағжан өте қатты қолдау білдірді. Сол сәттерде «Құдайым, осындай жұбайым болғаны үшін алғыс» дедім. Өте жақсы қолдау білдірді. Қарым-қатынасымыз түбегейлі өзгерді. Оның мені қалай қатты сүйетінін, қамқорлық танытатынын білдім. Ең бастысы, біз біргеміз», - деп сырын ақтарған Әсел көзіне жас алды.
https://www.youtube.com/watch?v=p7DfP927AxE

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @asselsadvakassova

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше