«Шынайы өмірімді қиялымнан жасап алғанымды түсіндім». Дәл осылай инстаграм парақшасында ағынан жарылғын Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен айрылысып кеткенін мәлімдеді. Актриса әрі продюсер таяуда ғана Балиде кездестірген мінсіз жігітіне деген махаббаты болмағанын мойындады. Бүгінде блогерлық қырынан танылып жүрген сылқым «бұл өмірім керемет болса да, жан дүниеме ол жеткіліксіз екенін сеземін» дейді.


Фото. Instagram @asselsadvakassova
Әселдің ғашығымен қош айтысуына денсаулығының сыр бергені де себеп болған. Актрисаның соңғы кездері шашы түсіп, басы жиі айналатын көрінеді. Сәдуақасованың айтуынша мұның барлығы шынайы махаббаттың жетіспеушілігінен орын алған. Оған қоса, кинопродюсер өзге ер азаматқа ғашық болып қалғанын да жасырмады. «Ол тіптен басқа оқиға», — дейді Әсел….


Фото. Instagram @asselsadvakassova
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @asselsadvakassova