«Шынайы өмірімді қиялымнан жасап алғанымды түсіндім». Дәл осылай инстаграм парақшасында ағынан жарылғын Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен айрылысып кеткенін мәлімдеді. Актриса әрі продюсер таяуда ғана Балиде  кездестірген мінсіз жігітіне деген махаббаты болмағанын мойындады. Бүгінде блогерлық қырынан танылып жүрген сылқым «бұл өмірім керемет болса да, жан дүниеме ол жеткіліксіз екенін сеземін» дейді.

Әселдің ғашығымен қош айтысуына денсаулығының сыр бергені де себеп болған. Актрисаның соңғы кездері шашы түсіп, басы жиі айналатын көрінеді. Сәдуақасованың айтуынша мұның барлығы шынайы махаббаттың жетіспеушілігінен орын алған. Оған қоса, кинопродюсер өзге ер азаматқа ғашық болып қалғанын да жасырмады. «Ол тіптен басқа оқиға», — дейді Әсел….


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram

Поделиться: