«Ауру» фильмі әлемге жол тартты: картина IFFR халықаралық фестивалінде тұсауын кесті
Фото. Instagram @otepbergen_ayan

«Ауру» фильмі әлемге жол тартты: картина IFFR халықаралық фестивалінде тұсауын кесті

Гүлдана Мұқан
04 февраля 2026

2025 жылдың күзінде қазақстандық кинонарыққа серпін беріп, көрермен арасында үлкен резонанс тудырған «Ауру» фильмі енді әлемдік прокатқа шықты. Продюсері Қуаныш Бейсек пен режиссер Айтөре Жолдасқали бірлесіп түсірген психологиялық триллер үшін бұл — айтулы әрі тарихи күн.

Бүгін картина Нидерландының Роттердам қаласында өткен International Film Festival Rotterdam (IFFR) халықаралық конкурсында ресми түрде таныстырылды. Шетелдік көрермен мен кәсіби киносыншылармен кездесуге режиссер Айтөре Жолдасқали мен басты рөлді сомдаған актер Аян Өтепберген арнайы барды.

Түсірілім тобы фестиваль барысынан желіде белсенді түрде бөлісіп, оқырманды қызықты сәттермен хабардар етіп отыр. Режиссердің айтуынша, мұндай деңгейдегі фестивальге қатысу — үлкен мәртебе. Ол бұл күнді 16 жасынан бері армандағанын да жасырмады.

Картина алдағы уақытта да түрлі мемлекеттерде көрсетіліп, халықаралық конкурстарға қатысады деген сенім мол.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше