Айару Бақытбектің оқырмандарына айтары бар. Баян Алагөзованың кенже қызы инстаграм парақшасында оқырмандардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Соңғы кездері фолловерлер блогердің ашық әрі батыл образдарын жиі сынға алады. Себебі Айару желіде теңіз жағасынан фотосуреттер жүктеуді әдетке айналдырған.
Бүгінде шет елде біліп алып, өзге мемлекеттерге жиі саяхаттайтын Айару имиджіне қатысты өз ойын білдірді. Бақытбек-тегі, «Менің түсінігімде, әйел заты ғаламшарды өзінің сұлулығымен көркемдеу үшін жаратылған. Мен ашық-шашық жүрмеймін, керісінше жасыма және мінсіз мүсініме сәйкес келетін киімдерді, соның ішінде ыңғайлы киімдерді киемін (мен қысқа киімді жақсы көремін). Бұл менің нормам және мен бұл норманы мен қалыпты деп санаймын.», - деп жауап берді.
Сондай-ақ, сұрақ-жауап айдарында Айару өзінің мамандығы жайлы да сөз қозғады. Блогер бүгінде international studies факультетінде оқып жүргенін айтты. Қазіргі таңда Баян Мақсатқызының қызы мамандығы бойынша жұмыс істеп жүргенін де жасырмады.


Фото. Instagram @aiaru_bb
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aiaru_bb