«Шыр етіп, жарық дүниеге Ханифам келді. Шаңырағымды шаттыққа толтырып, кестетігерім өмір есігін ашты. Аллаға мың да бір шүкір. Алланың сүйікті құлының бірі бол, Ханифам менің» — дәл осылай инстаграм парақшасына пост жазған Айдана Меденова оқырмандарынан сүйінші сұрады. Экс-әнші күні кеше дүниеге кішкентай ханшайым алып келді. Осымен үшінші мәрте ана атанған Меденова, қызының есімін – Ханифа деп қойған. Еске салсақ, Айдананың бүгінде екінші сыныпта оқитын Әмина есімді қызы мен биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған Әлихан атты ұлы бар.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aidanamedenova_officialpage

Поделиться: