Жалғызбасты әйелдер үшін ең жақсы қалалар. Әлі өз серігіңізді жолықтырмадыңыз ба? Немесе өзіңіз қаламайтын арақатынасты (бәлкім, некені) тоқтатуға бел будыңыз ба? Мүмкін әзірге мүлдем отбасын құруды жоспарламаған боларсыз? Алдағы жылдарға ең үлкен жоспарыңыз мансапта өрлеп, өз өзіңізді жетілдіру болар? Мұндай жағдайда өз өміріңізді арнаға түсірудің мүмкіндігі көп. Жер бетінде жалғызбасты әйелдердің жетістікке жетуі үшін таптырмайтын жерлер аз емес. Біз жалғызбасты әйелдер өз өмірлерін гүлдендіре алатын қалалар мен елдер тізімін жасап қойдық.

Швеция

Серігін таппаған әйелдер үшін таптырмас қалалар мен елдер тізімі

Бұл елге тағар мін жоқ: мәдениеті де жоғары, сәулеті мен тарихы таң-тамаша етеді, табиғаты көздің жауын алады. Ел аумағының жартысын керемет ормандар, тағы бір 10 пайызын өзен-көлдер алып жатыр. Өмір сүру деңгейі де тамаша – Швеция аталмыш көрсеткіш бойынша әлемдегі алғашқы орындардың бірін иеленеді. Соңғы жылдары мұнда демографиялық теңсіздік байқалады – әйелдер саны ерлерге қарағанда 150 мыңға азырақ. Алайда дереу Стокгольмге ұша жөнелмеңіз. Астаналарда халық онсыз да көп, ал тұрғындары өте кірпияз келеді. Ал Гетеборг немесе Мальменің жөні бөлек. Олар да айтарлықтай ірі елдімекендерге жатады. Мұнда да іскери және мәдени өмір қайнап жатыр, оның үстіне мансапта жетістікке жетіп, спортпен айналысуға, білім алуға, көңіл көтеруге және бастысы жаңа қарым-қатынас орнатуға барлық мүмкіндік бар.

Норвегия

Серігін таппаған әйелдер үшін таптырмас қалалар мен елдер тізімі
Жалғызбасты әйелдер үшін ең жақсы қалалар

Бұл солтүстік елдің астанасы Осло болғанына қарамастан, Тромсё қаласы – Норвегияның ең ірі қаласы. Анығын айтсақ, ол сондай-ақ муниципалитет. Бұл мекеннің тарихы тереңде, темір ғасырында дәл осы жерде алғашқы адамдар пайда болған. Бүгінде бұл жерді 100-ден астам ұлт өкілі мекен етуде. Ал норвегиялық жігіттер салқынқанды, байсалды және мәрт келеді. Ең бастысы, Норвегияда ерлердің саны әйелдерден ондаған мыңға көбірек.

Миннеаполис, АҚШ

Серігін таппаған әйелдер үшін таптырмас қалалар мен елдер тізімі

Минессота штатының ең ірі қаласы Миссисипи жағалауына құлаш жайып,  Сент-Пол қаласымен бірге бүгінде 3 миллионнан астам адам мекендейтін агломерацияны құрайды. Біз бұл қалада нақты қанша ер азамат өзіне жұп таба алмай жүргенін анықтай алмадық. Және ерлер санының әйелдерден қаншалықты көп екені де белгісіз. Есесіне баспанасы ең қолжетімді және өмір сүру сапасы жоғары америкалық қалалар арасында Forbes рейтингісінде қаланың бірінші орынға ие екені белгілі. Бәлкім, бұл жер бетіндегі ең романтикаға толы мекен емес шығар. Алайда мықты, батыл әрі өз-өздеріне сенімді, мансап қуатын қыз-келіншектер үшін Миннеаполис аса жайлы жер болмақ.

Серігін таппаған әйелдер үшін таптырмас қалалар мен елдер тізімі
Жалғызбасты әйелдер үшін ең жақсы қалалар. Атақты актер әрі режиссер Винс Вон да Миннеаполистен

Коупавогюр, Исландия

Серігін таппаған әйелдер үшін таптырмас қалалар мен елдер тізімі

Егер салқын климаттан және жергілікті диалектті меңгерем деп, тіл сындырудан қорықпасаңыз, Исландия сіз үшін жайлы мекенге айналмақ. Ол таңғажайып, тылсым әрі алуан түрлі ел. Оны көк мұз бен қызыл жалын елі деп бекер атамайды. Тұмса табиғат, мұздықтар мен жанартауларды көргенде, таң-тамаша қаласыз. Исландиялық жігіттер де осындай деседі: сырт көзге салқынқанды көрінгенімен, қызуқанды.

Исландиялық режиссер Балтасар Кормакурға қарап-ақ, бәрін түсінуге болады…

Серігін таппаған әйелдер үшін таптырмас қалалар мен елдер тізімі

Немесе атақты футболшы Эйдур Гудьонсенге қараңызшы – сондай тартымды.

Жалпы Исландия талантты жандарға бай. Бьйорк, Of Mosters and Man инди/фолк тобы… Немесе тағы Sigur Rós бар. Бұл топтағы жігіттер де шетінен сымбатты. Ал әнді қалай салатындарын айтсаңызшы…

Кипр

Серігін таппаған әйелдер үшін таптырмас қалалар мен елдер тізімі
Жалғызбасты әйелдер үшін ең жақсы қалалар

Арал-республикада қалалар саны соншалықты көп емес, бірақ міндетті түрде келіңіз – қателеспейсіз. Біріншіден, бұл жыл он екі ай жаз тұратын ең танымал туристік бағыттардың бірі, сұлу теңізге қарап, жағажайда демалуға болады. Екіншіден, Кипрде неге екені белгісіз, ер азаматтар әйелдерге қарағанда көбірек. Тіпті мигранттар арасында да солай.

Флоренция, Италия

Серігін таппаған әйелдер үшін таптырмас қалалар мен елдер тізімі

Арно өзенінің жағасынан орын тепкен ертегідегідей қала! Суретшілерді, дизайнерлерді, ақындарды және басқа да шығармашылық адамдарын өзіне жіпсіз байлайды. Шығармашылықтың рухы бұл жердің ауасында қалқып жүрген секілді. Бұл қаланың әрбір көшесінде шабыт тұнып тұрғаны соншалықты, тіпті өнерден алыс адамдардың да шабытын оятады. Сондықтан мұнда өз махаббатыңды тауып қана қоймай, сондай-ақ бойдағы тұнған шығармашылықты оятуға болады.

Ал жігіттерге қатысты, оларды бүкіл Италиядан іздеп-табуға болады. Жергілікті бұрымдылармен бәсекеге түсуге қорықпаңыз. Италиялық қыз-келіншектер бүгінде отбасы құрудан гөрі, мансапта жетістікке жетуге тырысады. Осы мақсатта қыздар жиі басқа елдерге кетуде.

Серігін таппаған әйелдер үшін таптырмас қалалар мен елдер тізімі

Егер сіз жоғарыда аталған қалаларда (елдерде) болып үлгерсеңіз, және жаңа әлемді көргіңіз келсе, бәлкім төмендегі елдерде жолыңыз болар:

  1. Үндістан
  2. Канада
  3. Финляндия
  4. Англия
  5. Швейцария
  6. Қытай

Соңғы елдің жағдайында сіз демографиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, жер бетін құтқара аласыз. Бүгінде Қытайда 30 миллион (!) жігіттің жұбы жоқ. Ал көптеген ғалымдардың пайымдауынша (тіпті тарихи деректер келтіреді), жер бетінің белгілі бір аумағында ерлер санының артып кетуі үлкен шиеленіс туғызады. Ол қарулы қақтығыстар мен соғысқа әкеп соғуы мүмкін…


Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: