Жас болса да, жаһанға танылып үлгерген Айсұлтан Сейітов Shanghai International Film Festival шарасында «Үздік режиссер» атанды! Киногер «Қаш» фильмінің арқасында осындай жетістікке жетіп отыр. Аспан асты елінің ең ауқымды кинобәйгесінде Айсұлтан үш бірдей номинация бойынша бақ сынаған. Этно-хоррор жанрындағы фильм «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік сценарист» бағыттары бойынша сайысқа түскен еді.  Еске салсақ, Айсұлтанның Алашты аяусыз қырған ашаршылық заманын суреттейтін картинасы былтыр желтоқсан айында көрермен назарына ұсынылған еді.

Айсұлтанның жетістіктері бұл ғана емес. 2016 жылы Сейітов «Hollywood Boulevard» Нью-Йорк кинофестивалінде – алғашқы қысқа метрлі картинасымен «Үздік режиссер» атанған еді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aisultan Автор @m1dwaaay

Поделиться: