Түрлі түсті графикалық оюлар, қабақтардағы моншақтар, мінсіз түзу сызықтар мен шығармашылық макияждар. Қазақстандық визажистер әлемдік аренада аты дардай әріптестерінен қалмай, солармен иық тіресе жұмыс жасауда. Өйткені, олар мықты шебер ғана емес, сонымен қатар тамаша тәлімгер де бола біледі.
Гаухар Жақсыбаева
@gaukharvizazh
Сізге той макияжы керек пе, мерекелік сурет керек пе, әлде әдемі макияжбен өзіңізді қуантқыңыз келе ме?! Гауһар сізге көмектесе алады. Және ол мұны басқаларға да қуана үйретеді.
Балнұр Дарбаева
@balla_makeup
Визаж студиясының негізін қалаушы, визажист, шаш стилисті — Балнұрдың портфолиосында көптеген сәтті кейстер мен жобалар бар.
Әли Батов
@alibatov
Әли өзінің ерекше стилімен ерекшеленеді. Ол адамды сан құбылтып, түрлі макияж жасайды. Дәл қазір сіздің басыңызда қандай батыл идея болса да, ол оны жүзеге асыруға дайын.
Диана Кадиева
@dianakadievamakeup
Диана үлкен тәжірибесі бар шебер. Француз үйінің ресми визажисті болумен қатар, ол қазақстандық ірі телеарнада жұмыс істейді. Диананың ерекше стилін атап өтпеу мүмкін емес. Өйткені, ол сұлулық сарапшысы ғана емес, сонымен қатар нағыз сәнқой қыз.
Асылжан Болат
@asilmakeup
Түрлі түсті сызықтар салып, графикалық макияжды және эксцентриктік көріністі ұнататындардың бірі – Асылжан. Ол сізді өзгелерден ерекшелеп тұратын макияж жасауға шабыттандырады.
Азиз Пархатов
@park.az
Азиз Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясымен ғана емес, Қазақстанның басқа да жетекші басылымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Өйткені, ол шығармашылық түсірілімдер мен жобаларды ұнатады.
Аиша
@okroshka_aisha
Айша түрлі түсті реңктермен де, ашық түстермен де макияж жасауға қабілетті. Сондықтан оның жұмысын клиенттері жоғары бағалайды.
Арыстан Жамау
@arsmakeup
Үздіктердің үздіктерімен жұмыс істеу және Ким Кардашянмен жеке кездесу. Бұл Арыстан мақтана алатын жетістіктердің аз ғана бөлігі.
Адиль Хэйнс
@adilhaynes
Әділ барлық ойға қонымсыз идеяларды жүзеге асыра алады. Ол Хэллоуинге арналған «қанды» бейнеден «сүйкімді» макияжға дейін бәрін жасайды.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.