«Айрылысып кеттіңіздер ме?», - дәл осы сұрақ Сабина Алтынбековаға оқырман тарапынан қойылды. Қазақстанның ең сұлу әрі танымал волейболшысы өзінің инстаграм парақшасында сауалға жауап беріп, дәл осы тақырыптың нүктесін қойғысы келетінін айтты. Спортшы күйеуі, кәсіпкер Тостықбаев Саят Салманұлымен ажырасып кеткенін растады.
«Иә, мен ресми түрде некеде болдым, және қазір ресми түрде ажырастым. Бұл тақырып бойынша көп сұрақ қойылды, осы әңгіменің нүктесін осы жерден қойғым келеді» , - дейді Сабина Алтынбекова.
Еске салсақ, Сабина Алтынбекова 2020 жылдың соңында тұрмысқа шығып, 2021 жылы ұлды болған еді.

Фото. Instagram stories @altynbekova_20
Сабина сондай-ақ, желіде жүрекке әсер ететін жариялап, өзінің жай күйін жеткізді.
«Бұл әлемде, қай кезде өзгелердің пікірі өз даусыңнан қаттырақ шығып жатса да, өзіңе адал болу – нағыз нәзік әрі асыл құндылық.
Бұл жай ғана сыртқы ықпалдарға қарсылық емес. Бұл – шынайы күштің көрінісі. Әйел тек өз жүрегінің үнін тыңдауды таңдағанда, ол жан-дүниесінің мәнімен үйлесім табады. Бұл жағдай – өзімшілдік емес, керісінше, өзін сүю мен құрметтеудің терең көрінісі. Өзіне деген махаббат пен құрметсіз ішкі тыныштық та, шынайы үйлесім де мүмкін емес.
Ол өзін болуға рұқсат сұрамайды, басқалардың мақұлдауын күтпейді, күмәнданбайды. Ол жай ғана бар. Және дәл осының өзінде бәрі бар – оның сабырлығы, сенімділігі. Ол біледі: өз болмысыңды сақтау – артықшылық емес, бұл – табиғи құқығы, және ол бұл құқығын ешкімге бермейді.
Ол өмірінде ненің маңызды, ненің маңызсыз екенін өзі таңдайды. Шектеулерден асып, өзін бағаламайтын адамдардың пікірінен азат болады.
Дәл осы тәуелсіздікте, осы бұлжымас адалдықта оның ерекше жарқырауы бар.»
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @altynbekova_20