Жақсы кезеңдердің бірі жетті. Сондықтан қол қусырып отырмай, іске кірісіңіз. Бірақ жан дүниеңіздің тыныштығын да естен шығармаңыз. Алдағы аптаға арналған жұлдыз жорамалды қабыл алыңыздар.

Тоқты

Тоқтылар үшін бұл апта жемісті болады деп айта алмаймыз. Қаржылық қиындықтар да туындайды. Сондықтан осы аптада жұмысты сырып қойып, демалуға тырысыңыз. Спортпен айналысып, өзіңізге көңіл бөліңіз.

Торпақ

Торпақтар, сақтық шараларын ұмытпаңыздар. Ең бастысы, барлығын ақылмен шешуге тырысыңыз.

Егіздер

Егіздер үшін осы апта жемісті болады. Жеңісті күндер де кездеседі. Бірақ оған тым мастанып, марқайып кетпеңіз. Өзгелердің мақтауын да күтпеңіз. Жақын жандарыңыз сіз туралы онсыз да біледі.

Қазанның 17 мен 23 аралығында сізді не күтіп тұр? Жұлдыз жорамалға назар аударайық

Шаян

Жаныңызда жүрген жандардың жолы болмағаны үшін өзіңізді кінәлай бермеңіз. Одан да, өз жетістігіңізді еселей түсуге тырысыңыз. Үлкен жеңістер алда. Сондықтан дайындықты бастау қажет.

Арыстан

Арыстан үшін апта сәтті болады. Сондықтан жаңа жобаларды бастайтын сәт келді. Махаббат майданында да жолыңыз болады.

Бикеш

Барлығын бақылауда ұстап, қателіктерге бой алдырмаңыз. Әйтпесе, арты соқпақты болуы мүмкін.

Қазанның 17 мен 23 аралығында сізді не күтіп тұр? Жұлдыз жорамалға назар аударайық

Таразы

Осы апта жақындарыңыздың кесірінен, не жұмыстағы жағдайға алаңдап өтуіңіз мүмкін. Жағдай апта соңында реттеледі.

Сарышаян

Өз бастамаларыңыздан қорықпаңыз. Тың идеяларыңызды жүзеге асыруды ұмытпаңыз. Табыстың кілті өз қолыңызда.

Мергендер

Азға қанағат қылуды үйреніңіз. Әйтпесе, бардан айырылып қалуыңыз ғажап емес. Осыны ескеріңіз!

Қазанның 17 мен 23 аралығында

Тауешкі

Тауешкілердің демалатын уақыты келді. Осы апта ешқандай қиындықтар кездеспейді. Сондықтан күш жинап алыңыз.

Суқұйғыш

Ақша мен махаббат жайлы осы аптада суқұйғыштар көп ойлайды. Бірақ жұлдыздар екеуінде де, сіздің жолыңыз болмайды дейді. Десе де, қамықпаңыз. Барлығы әлі алда.

Балықтар

Балықтар үшін апта тыныш өтеді. Жалпы жан дүниеңіздің жай күйі тек өзіңізге ғана байланысты екендігін естен шығармаңыз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Айони Хауст.

Поделиться: