«Бұл қарым-қатынас ұзаққа бармады»: Айя Шалқар желіде жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды

10 мая 2024

Айя Шалқар инстаграм парақшасында stories жүктеп, оқырмандарын ойландырып қойды. Суретші желіде жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Ол фолловерлеріне:

«28 жасқа дейін 11 жыл бойы өз-өзіммен, өміріммен және мансабыммен белсенді айналыстым, екі жоғары білім алдым, бүкіл әлемді шарлап, бес түрлі қалада өмір сүрдім. Бірнеше ай бойы терапиядан өтіп, қарым-қатынас құрдым (Құдайға шүкір, бұл қарым-қатынас ұзаққа бармады). Себебі қарым-қатынасымда өткен өмірім үшін кінәлап, қандай киім киіп, қандай косметика қолданатынымды сынау арқылы өзіме деген сенімділігімді төмендетпек болды. Менің гендерлік мәселе, саясат және ғылым жайлы ойларыма күмән тудырмақ болды», - деп Айя Шалқар өзінің пікірі мен ренішін білдірді.

Сондай-ақ, инста модель қыздарға үндеу жасады: «Қыздар, өздеріңді күтіңдер! Жеке шекараңыздан асып жатқан жайттарды байқаған бойда бірден қашыңыздар! Сізге ешкім сенбесе де, ел алдында жүрген адам болсаңыз да мұндай қарым-қатынасты доғару керек. Ұят болса да, кету керек. Сізде бәрі жақсы болады. Маған сеніңіз! Өзіңізге сеніңіз», - деп Айя кеңесін берді.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @aya_shalkar

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше