Бағым Мұхитденова марқұм күйеуі Әділжан Юсуповтың құрметіне ән арнады. Танымал музыкалық продюсер инстаграм парақшасында жұбайымен түскен жылы естеліктерімен бөлісіп, ескі фотосуреттерін жүктеді. Видео форматта ұсынылған контент Бағым Мұхитденованың трегімен әрленген. Сағыныш жайлы синглды өнер иесі сүйіктісіне жазған екен.
«Біздің соңғы суретіміз. 23 жыл, қасым қағым сәт сияқты! Менің ойымша, мен бұл әнді тек сен үшін айтқанымды ұнатар едің…», — деп Бағым Мұхитденова жазба да қалдырған.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото @bagym_m