«4 жылдан бері бес уақыт намаз оқитынымды көпшілік біле бермейді». Айдана Меденова үшін жаңа жыл, өміріндегі өзгерістерге алып келді. Әнші, хиджаб киіп, басына орамал таққанын мәлімдеді. Өнер иесі ислам жолына түсу үшін, біраз уақыт дайындалғанын айтады. Мұндай жаңалықпен инстаграмдағы оқырмандарымен бөліскен Меденова, бүгінде Меккеге құлшылыққа аттанған.

айдана меденова

«Иә, мен басыма орамал тақтым. Бұл шешімімді түсінбей жатқандар да бар. Әрине, бұл да қалыпты нәрсе. Мүмкін кейбір адамдар «Айдана бір күнде оранып шыға келді, асығыс шешім жасады» дейтін шығар. Бірақ бұл аяқ астынан жасалған шешім емес. Бұл күнге жету үшін мен ұзақ дайындалдым».


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram. 

Поделиться: