Кейде түсіңде бұрынғы сүйіктіңді көресің. Оның не мағына білдіретіндігін  ойлана бермейсің. Бірақ оның өз себептері бар. Айталық, экс-ғашығың сен жалғызсырап жүргендіктен, не болмаса, сенде оған деген сезім қалса түсіңе енуі мүмкін. Психологтар тағы бірқатар мысалдарды келтіруде.

Бұрынғы сүйіктің неге түсіңе кіреді? Оның 6 себебі бар

1.Жалғызсырасаңыз

Жалғызсыраған кезде бұрынғы сүйіктіңді ойлау заңды құбылыс дейді мамандар. Әсіресе, айырылысқандарыңызға шамалы уақыт қана болса, онда ғашығыңыздың түске кіруі сіздің онымен бірге болғыңыз келетіндігін білдіреді. Өйткені, сіз жалғыздықтан жабырқап, онымен бірге өткізген кездерді аңсайсыз.

2. Егер сіздің бұрынғы сүй»ктіңіз зорлық көрсетсе

Экс-сүйіктіңіз сізге зорлық көрсетсе, ол түсіңізге енуі мүмкін. Өйткені, сіз қорқып, қатты стресс алдыңыз. Осындай жағдайда психолог не психотерапевтке жүгінген абзал болады.

Бұрынғы сүйіктің неге түсіңе кіреді? Оның 6 себебі бар

3. Егер оны әлі де ұмытпасаңыз

Егер түсіңізге бұрынғы сүйіктіңізбен өткізген уақыт жиі кіре берсе, онда бәлкім, сіз оны естен шығара алмай жүрген шығарсыз. Оны ұмыта алмай жүрген боларсыз. Сондықтан өзіңізге аздап болса да уақыт беріңіз.

4Жаңа қатынас көңіліңізден шықпаса

Қазір басқа жанмен кездесіп жүрсеңіз, бірақ ол көңіліңізден шықпаса, онда түсіңізге бұрынғы сүйіктіңіз енуі мүмкін. Оның өзінің бірнеше себебі бар:

  • Экс-сүйіктіңізді қайтарғыңыз келеді. Әсіресе, бұрынғы және қазіргі қатынастарыңыздың арасы тым жақын болса.
  • Сізге жаңа қатынаста бірдеге жетіспейді. Мысалы, бұрынғы серігіңіздің сізге айтқан сөздерін, қарым-қатынасын сағынасыз.

Сондықтан мұндай түс сізге қазіргі ғашығыңызбен ара-қатынасты реттеу керек деген дабыл береді.

Бұрынғы сүйіктің

5. Өзіңізбен жұмыс жасаңыз

Бұрынғы ғашығыңыздың образы сіздің ойыңыздан әлі кетпей жүрсе, өзіңізбен жұмыс жасау қажет. Оны қалыпқа келтірмей, алға жылжи алмайсыз. Сондықтан психологқа жүгінген дұрыс.

Мысалы, экс-серігіңіз қатал болса, сіз сондай жандарды қалайсыз. Сондай  кісіні армандайсыз.

6. Сіз бұрынғы серігіңізге деген махаббат дертінен айықтыңыз

Егер бұрынғы сүйіктіңіз түсіңізге жақсы жаңалықпен келсе, онда сіздің оға деген сеніміз өшті деген сөз. Сіз экс-ғашығыңызға деген махаббат дертінен айықтыңыз. Сіз өткен өміріңізге алғыс айта отырып қоштасып, жарқын болашаққа қадам басасыз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: