Белгілі музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың жұбайы – продюсер Әділжан Юсупов өмірден озды. Қайғылы хабарды Баян Мақсатқызы алғаш бөлісті. Продюсер Instagram желісіндегі Stories-ында сіңлісі мен күйеу баласының фотосын жүктеп, марқұм жайлы естелігін жүктеді.
«Бүгін біз Адиктен айырылып қалдық. Сен сондай жақсы адам, жақсы әке, жақсы жар, жақсы дос бола білдің. Біз сені жақсы көреміз және кеудеміздегі жанымыз соғып тұрғанда сені ешқашан ұмытпаймыз. Иманды бол!», — деп жазды Баян Мақсатқызы.

Әзірге Әділжан Юсуповтың неден көз жұмғаны жайлы ақпарат жоқ. Бағым Мұхитденованың өзі де әлі ресми мәлімдеме жасамады. Еске салсақ, Әділжан Юсупов – отандық музыка индустриясындағы белгілі продюсер. Ол өз кезінде «Джейран» тобын құрып, жетекшілік еткен болатын. Ал Бағым Мұхитденова мен Әділжан Юсупов 1997 жылы танысып, 2001 жылы отбасын құрған.
Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясы да қайғырып көңіл айтады…
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. @bagym_m.