Бүгінгі таңда некенің қандай болуы туралы қатаң қағидалар жоқ, алайда ерлі-зайыптылардың бір төсекті бөлісуі – қоғам үйренген көрініс. Дегенмен, ешбір жерде отбасының бақыты үшін ерлі-зайыптылар күн сайын бір шаңырақ астында өмір сүруі тиіс делінбеген.

Назарларыңызға бір-біріне қонақ 5 жұлдызды жұпты ұсынамыз. Олар бақытты некенің құпиясы да өз өзіңмен жалғыз қалу мүмкіндігі деп санайды.

Гвинет Пэлтроу пен Брэд Фэлчак

Пэлтроу 2018 жылдың қыркүйегінде продюсер Брэд Фэлчакқа күйеуге шығып, екінші рет тұрмыс құрды. Әйтсе де, жұп бұрынғыша өздерінің Лос-Анджелестегі жеке үйлерін мекендейді. Сұхбаттардың бірінде актриса өзінің сексолог дәрігерінің кеңесімен «қарым-қатынастағы полярлық қағидасын» ұстанатынын айтты. Пэлтроу Фэлчактің онымен аптасына 4 түнді бірге өткізетінін мәлімдеді. Және отбасылық өмірге қатысты мұндай ережені ең дұрысы деп санайтындарын жеткізді. «Біздің барлық отбасылы достарымыз біздің өмір салтымыздың – екеудің арасындағы құштарлықты ұзаққа сақтап қалудың таптырмас тәсілі екенімен келіседі. Біз бұл өмір салтынан айнымауымыз керек».

Виктория және Дэвид Бекхэм

Виктория мен Дэвидтің өзінің жеке жайлары бар, онда әрқайсысы бөлек уақыт өткізе алады. Тіпті ерлі-зайыптылар Оксфордширдегі иеліктеріне тоқтағанда, өздерінің бөлек тұру мүмкіндігін қарастырып қойған. Үй ері мен әйелінің жеке аумағын бөліп тұратындай етіп арнайы жобаланған.

 «Меніңше, оларға мұндай өмір салты ұнайтын сияқты. Себебі ұзақ уақыт некеде тұрғанда, бір-бірінен демалып тұру сезімдерді қайта жандандырады!», — дейді жұлдызды жұпқа жақын дереккөз.

Джулия Робертс пен Дэниел Модер

Джулия Робертс пен Дэниел Модер 16 жыл бұрын үйленді. Жақында Модер 9 миллион долларға жекежай сатып алды, белгілі болғандай, уақытының көп бөлігін Модер дәл осы үйде өткізеді екен. Бұл үй Джулия балаларымен тұрып жатқан екеуінің ортақ үйіне қарама-қарсы, жолдың арғы бетінде орналасқан. Осылайша жұп қарым-қатынастағы жылулықты сақтап қалады.

Ким Кардашьян пен Канье Уэст

Канье 2016 жылдың қарашасында күйзеліс пен жүйкенің жұқаруына байланысты ауруханаға жатқызылғаннан кейін Ким біршама уақыт өзінің атақты күйеуінен бөлек тұра тұруға шешім қабылдады. Жұпқа жақын дереккөз «Ким мазасызданып, балалардың Каньені мұндай күйінде көрмегенін қалағанын» айтып берді. 

«Каньенің іс-қимылдары олардың некесіне қатты әсер етті. Алайда Ким күйеуінің қажетті көмек алып жатқанын білгенде, жеңілдікті сезінеді. Ол арақашықтық олардың некесін құтқарып қалады деп санайды», — деді келесі бір дереккөз. Осы жайттан кейін жұп қайтадан бір шаңырақ астына оралды деседі.

Тим Бертон пен Хэлена Бонэм Картер

Актриса мен режиссердің некелескеніне 13 жыл толды, және осы уақыт ішінде ерлі-зайыптылар бір үйдің ішінде екі бөлек тұрып келеді. Себеп қандай дейсіз бе? Белгілі болғандай, Бертонның қорылы және ұйқысының тынышсыздығы. Кейін Хэлена бірге тұрудың мұндай түрі олардың арақатынасына көптеп көмегін тигізгенін айтты.

Бақытты неке

Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фотосуреттер. Shutterstock. Instagram.

Поделиться: