Қазақстан Президенті Қасым — Жомарт Тоқаев, елімізде 18 жасқа дейінгі балаларға арналған Ұлттық қор құрылатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керектігін қадап айтты.

«Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалардың әлеуметтік жинақтаушы шотына аударуды ұсынамын. Жинақ шотындағы ақшаны олар кәмелетке, яғни 18-ге толғанда ғана ала алады», — деді президент. Ол қаржы жастардың тұрғын үй не білім алуына бағытталатын болады.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ҚОР: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАҢА БАСТАМАСЫН ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАДЫ?

Айта кету керек, қазақстандықтардың басым бөлігі президент бастамасын қолдап отыр. Алайда, оған күмәнмен қарайтындар да бар.

«Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: