Шоу-бизнес әлеміндегі кейбір жұлдыздарға танымалдылық бала кезінде-ақ келген. Дегенмен, әртүрлі себептермен олар табысты мансаптарын тастап кетіп, кейін ересек шақта шоу-бизнеске қайта оралған жағдайлар да көп кездеседі.
Дилан мен Коул Спроус

Фото. Shutterstock.com. Автор. Kathy Hutchins
Бұл егіздер экранға алғаш рет небәрі 8 айлық кезінде шыққан. Кейіннен «Grace Under Fire», «Big Daddy», «Астронавттың әйелі» және тіпті аты аңызға айналған «Friends» сериалында да бой көрсетті. Алайда 2011 жылы Дилан мен Коул мансаптарында үзіліс жасап, жоғары білім алуға шешім қабылдайды. Төрт жылдан кейін олар экранға қайта оралып, бұл жолы әрқайсысы өз бетімен жұмыс істеуді жөн көреді.
Маколей Калкин

Фото. Shutterstock.com. Автор. Featureflash Photo Agency
«Үйде жалғыз қалғанда» фильмі шыққаннан кейін Маколей Калкин барша көрермен үшін Кевин Маккалистер болып есте қалды. Тіпті «Бай Ричи» фильмі де сол кейіпкердің жалғасы секілді қабылданды. Актер жастайынан-ақ түсірілімдерден шаршап, оның үстіне әкесімен арадағы келіспеушіліктер бәрін қиындатқан. Нәтижесінде ол ұзақ уақыт экраннан жоғалып, тек 2020 жылы «Американдық қорқынышты оқиға» жобасымен қайта оралды.
Анна Кламски

Фото. Shutterstock.com. Автор. Kathy Hutchins
Анна Кламскиге 1991 жылы «Менің қызым» фильміндегі рөлі үлкен танымалдылық алып келді. Бірақ 1999 жылы ол киноиндустриядан кетіп, алты жыл бойы Чикаго университетінде білім алып, баспа саласында жұмыс істеді. Уақыт өте келе бұл оған қызықсыз көрініп, Анна өнер әлеміне қайта бет бұрды. Айта кетсек, дәл Кламски «Аннаны ойлап табу» сериалында Вивиан Кенттің рөлін сомдаған еді.
Ке Хюи Цюань

Фото. Shutterstock.com. Автор. DFree
1984 жылғы «Индиана Джонс және тағдыр храмы» фильмінде Ке Хюи Цюань Коротышка есімді баланың рөлін ойнады. Бірақ фильм сәтті шыққанына қарамастан, актерге қажетті танымалдылық бұйырмады. Өзі бір сұхбатында Голливуд ол кезде азиат актерлеріне басымдық бермегенін айтқан болатын. Тек 2022 жылы ол «Everything Everywhere All at Once» фильмінде бой көрсетіп, әсерлі оралу ұсынған еді.
Бен Сэвидж

Фото. Shutterstock.com. Автор. Kathy Hutchins
90-жылдардың балалары Бен басты рөлдердің бірін сомдаған «Boy Meets World» сериалын ерекше сүйіп көрді. Сондай-ақ ол басқа да жобаларда өнер көрсетіп, сыншылар тарапынан жоғары баға алған. Алайда Бен атағының жарты жолында білім алуға бел буып, үш жыл бойы ешбір жобаға түспеді. Бұл үзіліс оның мансабына әсер етпей қоймады. Қазір де ол түрлі рөлдерге шақырылғанымен, бұрынғыдай атақты жобалар емес.
Insider ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Shutterstock.com. Автор. DFree