«Бақытты бол, қарлығашым»: Димаш Құдайбергеннің қарындасы ұзатылды! Игорь Крутой қатысқан той қалай өтті?
Фото. Instagram @kudaibergenov.dimash.

«Бақытты бол, қарлығашым»: Димаш Құдайбергеннің қарындасы ұзатылды! Игорь Крутой қатысқан той қалай өтті?

Гүлдана Мұқан
04 августа 2025

Әлемге әйгілі әсем дауыс иесі Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген ұзатылды. Туған ұясынан ұшқан Раунанның маңызды күні Астана қаласында дүркіреп өтті. Танымал өнер өкілдері Қанат пен Светлана Айтбаевтер әулетінің қуанышында күллі шоу-бизнес майталмандары мен ТМД елдеріне танымал композитор және продюсер Игорь Крутой да қадірменді меймандар қатарынан табылды.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген қарындасының ұзату тойында жаңа әнін шырқады. Ол ұзатылып бара жатқан қарындасы Раушанға «Қарлығашым ұя салғанда» атты әнін арнап, қонақтардың жүрегін елжіретті.

Еске салсақ, күйеужігіт - Елордағы «Музыкалық жас көрермен театрының» актері Ермахан Аймахан.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше