Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері
Фото. Spotlight. Ferragamo, Erdem, FENDI, Valentino b Sandy Liang, көктем-жаз 2026

Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері

Гүлдана Мұқан
29 января 2026

Қазіргі таңда қызу жүріп жатқан Париж сән апталығында да сөмкелерге ерекше құрмет көрсетілді, әдетте олар қосалқы рөлде ғана болатын. Алайда заманауи әйел образын мұндай аксессуарларсыз елестету мүмкін еместігін кейбіреулер жақсы түсінеді. Ойын-сауыққа толы үлгілерден бастап практикалық тоуттарға дейін — Harper’s BAZAAR Kazakhstan 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің ең басты трендтерін бір жерге жинады. Бірге танысайық.

Биік тоуттар

Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері
Фото. Spotlight. Stella Mccartney, көктем-жаз 2026

Үлкен әрі сыйымды модельдер қазір ең өзекті саналады. Трендтерде еркіндік пен жайлылық алдыңғы қатарда, демек алып тоуттар да көшбасшылардың қатарында болады. Былғары мен замшадан тігілген нұсқаларды барынша ықшам, бейтарап реңктерде таңдаған жөн — сонда олардың әлеуеті толық ашылады.

Ашық түсті «шағындар»

Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері
Фото. Spotlight. Balenciaga, көктем-жаз 2026

Ұзақ уақыттан бері алғаш рет сөмкенің пішіні мен өлшемінен гөрі түсі маңыздырақ болып отыр. Батыл әрі қанық реңктермен образдарыңызды түрлендіруден қорықпаңыз. Карамель түстес немесе контрастты шағын сөмкелер — тамаша шешім.

Практикалық клатчтар

Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері
Фото. Spotlight. Ferragamo, көктем-жаз 2026

Клатчтар кейде танымал болып, кейде қайта көлеңкеде қалып жатады. Ал осы көктемде мінезі бар, ерекше әрі іскер сөмкелер қайтадан өздерін еске салады. Кеңсе мен күнделікті образдар үшін көлемдірек үлгілерді, ал кешкі жиындарға шағындау нұсқаларды таңдаңыз.

Cloud Dancer

Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері
Фото. Spotlight. Gabriela Hearst, көктем-жаз 2026

Pantone нұсқасы бойынша 2026 жылдың басты түсі ретінде сүттей ақтың таңдалуы бекер емес. Тазалық пен ықшамдылыққа ұмтылу тек стильде ғана емес, түстер палитрасында да айқын көрінеді. Ақ, алебастр және жасмин реңктеріндегі сөмкелер келесі маусымда әрбір it-girl-дің гардеробында болуы тиіс.

Өрілген текстуралар

Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері
Фото. Spotlight. Fendi, көктем-жаз 2026

Рафиядан жасалған модельдер жылы маусымға арналған гардеробтың ажырамас бөлігі болып келген және солай қала береді. Дегенмен оларды көктемнен бастап-ақ образдарыңызға үйлестіре бастауға болады. Айтпақшы, бұйымдар міндетті түрде пальма жапырағынан жасалуы шарт емес — былғары немесе замшадан тігілген баламалар да жарайды. Ең бастысы — өрілген фактура.

Тізбекті әсер

Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері
Фото. Spotlight. Valentino, көктем-жаз 2026

2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы өзекті сөмкелерді тізбекті тұтқасыз елестету қиын. Кейде олар тек фурнитура немесе декордың бір бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін. Металл буындар аксессуарға батылдық пен панк стилінің элементтерін қосады.

Қалтаны кең ұстаңыз

Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері
Фото. Spotlight. LOEWE, көктем-жаз 2026

Сөмкелерді ашық күйде алып жүру ұсынылады — дизайнерлер дәл осылай жасауға кеңес береді. Тіпті кейбіреулері тұжырымдамадан айнымас үшін бір ғана тұтқасы бар модельдер шығаруға асыққан. Силуэт маңызды емес: егер өзіңізбен не алып жүргеніңізді көрсетуге мүмкіндік болса, міндетті түрде жасаңыз. Алайда сақ болыңыз — қалта ұрылары ешқашан ұйықтамайды.

Бөшке-сөмкелер

Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері
Фото. Spotlight. Coach, көктем-жаз 2026

Тұтқасы бар «пенал» тәрізді сөмкелер ең жаңа әрі тың көрінеді. Олар East–West трендіне толық сәйкес келеді және барлық қажетті затты сыйдыра алады. Сонымен қатар бөшке-сөмкелер тосын әрі өте креативті әсер қалдырады. Біз олардың ықпалына қазірдің өзінде түскіміз келеді.

Көзіңізді көк аспанға көтеріңіз

Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері
Фото. Spotlight. Dior, көктем-жаз 2026

2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмке трендтері нәзік әрі үйлесімді көгілдір реңктерге тұрақтады. Гардеробыңызда аквамарин, лазурь, аспан түсті немесе гиацинт реңктеріндегі түрлі аксессуарлар пайда болуы мүмкін. Тағдырдың қызығы — мұндай сөмкелер көңіл-күйді көтеріп, feel blue сезімінен арылуға көмектеседі.

Декор — басты назарда

Бар байлығым өзіммен бірге: 2026 жылдың көктем–жаз маусымындағы сөмкелердің басты трендтері
Фото. Spotlight. Erdem, көктем-жаз 2026

Минимализм дәуірі көп адам (ең алдымен өзіне) ықшамдылықтың да шегі болуы керектігін мойындаған сәттен бастап аяқталды. Жеке стиль қарапайымдылыққа қарсы тұрады, әсіресе сөз сөмкелер туралы болғанда. Обвеске деген қызығушылық бәсеңдеп келеді, ал көз тартарлық, әсерлі декоры бар сөмкелер, керісінше, танымалдылыққа ие болуда.

Harper's BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше